Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1139 материал табылды

Аймақтар • 16 Қараша, 2022

«Достық – Мойынты» темір жолы жанданады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір жарым жыл бұрын VI Шығыс экономикалық форумында Қытаймен арадағы көлік қатынасын кеңейту мақсатында «Достық – Мойынты» жаңа темір жол желісі салынатынын айтқан болатын.

Таным • 15 Қараша, 2022

Балбалтастарға тіл бітсе...

Адам уақыттың даусын естімейді. Біз бәрібір түбі фотоальбомға айналамыз. Әрі кетсе газеттің соңғы бетіне суретіміз жарияланар, болмаса көзкөргендердің естелігі ретінде ауада қалқимыз. Мүмкін үйдің іргесін сәндеу үшін салынған муралға әрі кетсе отбасылық күнтізбеден көрінерміз. Ал ұлылар ше? Ұлылар мұражайға жайғасады. Бірақ дәл қай күні екенін айта алмаймын. Сіз музейге не үшін барасыз? Әрине, соның бәрін көзбен көру үшін...

Білім • 15 Қараша, 2022

Жетісуда – жеті мектеп

Жетісу облысында 2023-2025 жылдар аралығында 7 жайлы мектеп салу жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз 7 200 оқушы жаңа білім ордасына барады деген сөз. Атап айтсақ, Талдықорған қаласында – 4, Көксу ауданында – 1, Панфилов ауданында – 1, Алакөл ауданында 1 мектеп бой көтермек. Жалпы қаржы көлемі 36,2 млрд теңгені құрайды. Мұны Сарыөзек ауылына келіп, тұрғындар алдында есеп беру кездесуін өткізген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Аймақтар • 15 Қараша, 2022

Өңірдегі оң істер

Алдағы үш жылда Жетісуда 12 балабақша, 14 мектеп, 2 колледж және 100 орындық жатақхана салынады. Мұны өңірге арнайы іссапармен келген Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.

Білім • 14 Қараша, 2022

Жас педагогтердің тәжірибе алаңы

Жетісу облысындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты аймақтық форум ұйымдастырылды. Форумға 130-дан аса жас маман қатысты.

Руханият • 14 Қараша, 2022

Жетісудағы жүздесулер

Өркениет көшіне қосылған ел ретінде дүние дидарындағы қым-қиғаш құбылыстарды хал-қадерінше уақыт таспасына бедерлеген журналистердің жүгі ауыр. Ақпарат майданында ел мүддесі үшін мысқалдай болса да қарекет жасауға бейіл, тіпті қажет кезінде турап салар наркескендей өткірлігімен көңіліңді көріктей көтеретін қаламгерлер қашанда үлкен құрметке ие. Қашан көрсең қарбалас, қашан кезіксең ақпарат таратуға асығып жүретін ақжүрек ағайынның ойлайтыны – алдымен ел қамы, мемлекет мерейі.

Медицина • 13 Қараша, 2022

«Жедел жәрдемге» – жүрдек көлік

Жетісуда «Жедел жәрдем» стансасы санитарлық автокөлікпен толық қамтылды. Өңір әкімі Бейбіт Исабаев дәрігер қауымына 40 жаңа көліктің кілтін тапсырды. Одан бөлек жаҺандық індет кезінде жан аямай еңбек еткен медицина мамандары тағы бір қуанышты жаңалықтан хабардар болды. Алдағы уақытта Талдықорғанда ересектер мен балаларға арналған өңірлік кардиохирургия орталығы бой көтермек.

Аймақтар • 13 Қараша, 2022

Тақтайдай тегіс жолмен жүреміз

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жасаған сапары барысында аймақтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен автомобиль жолдары инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін назарға алған еді. Осы ретте республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыру бойынша кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қоғам • 07 Қараша, 2022

Би-апаның биік тұлғасы

Биыл театр һәм кино өнерінің жарық жұлдызы Шолпан Жандарбекованың туғанына – 100 жыл толса, келесі жылы сол межені біздің жерлесіміз Бикен Римова бағындырмақ. Ұлт руханиятына қомақты олжа салып, сахна мен өмірде бірге жасасып, телқоңыр тағдыр кешкен қос сахна саңлағының мерейтойын Жетісу жұрты сән-салтанатпен атап өтті.

Қазақстан • 06 Қараша, 2022

Ынтымақтастық нығая түспек

Ауыл шаруашылығы мен сауда өнеркәсібін ілгері­ле­ту ісінде әлемдегі озық технологияларды қол­данудың маңызы зор. Осы мәселе Жетісу об­лысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Чехия Рес­публикасының Қазақстандағы Төтенше және өкі­летті елшісі Рудольф Гиклмен кездесуінде ке­ңінен талқыланды.