
Қазақстан • 18 Қазан, 2022
Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Шымыр ауылында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған рухани іс-шара өтті.
Экономика • 18 Қазан, 2022
Алматы облысы екіге бөлінгеннен кейін, жалпы Жетісуда күріш өсіретін жалғыз аудан қалды. Бұл – Қаратал ауданы. Биыл ауа райы диқандар үшін қолайлы болды, дәнді дақылдар да бітік шықты.
Қоғам • 17 Қазан, 2022
Елорда тарихы елдің тарихымен сабақтас. Егемендікке қол жеткізгеннен кейін бас қаламыздың басына бақ қонды, шежіресі шертілді. Бұл алдымен тәуелсіз мемлекетіміздің хронологиясы. Осы орайда Астана қаласының мемлекеттік архиві 1920 жылдардағы араб графикасымен жазылған құжаттарды аудару үстінде. Кешегі дәуірдің келбеті қазақ тілінде айшықталмақ.
Экономика • 16 Қазан, 2022
Жетісулықтарға Талапты ауылы жайлы әңгіме бастай қалсаңыз, тіл үйірер картобын бірден еске салады. Көксу ауданына қарасты елді мекеннің бір тірлігі сол көкөніспен байланысты. Қараңызшы, биылдың өзінде 11 510 гектар жерге картоп егіп, оның 500 гектарын жинап үлгеріпті. Одан 12 мың тоннаға жуық өнім алынған. Осы игілікті істің басында «Нұрдымақын» шаруа қожалығы тұр. Біз арнайы егін басына барып, бірнеше қожалықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.
Қоғам • 16 Қазан, 2022
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге. Мұны қазақтың көрнекті қаламгері Жүсіпбек Аймауытұлы айтқан еді. Осы өнеге көрсетуде ұлт қандай қарекет етіп жатыр? Биыл жетісулықтар кішкентайларға арнап әртүрлі іс-шара ұйымдастырған. Бұл ретте Балалар жылына баса мән берген көксулықтардың үлесі мол.
Қоғам • 16 Қазан, 2022
Отбасы мерекесі – Отан берекесі
Отан – отбасынан басталады. Осы нақылды ұршықтай иіріп, ұлттың ұстынына айналдыру бүгінде үлкен маңызға ие. Неге десеңіз, «тәрбие – тал бесіктен басталады» деп тағы бір оймақтай ой қосуға бейілміз. Бұл ретте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының мәні жоғары. Жетісуда өткен дәстүрлі додаға біз де куәгер болдық.
Қоғам • 14 Қазан, 2022
«Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,Ақ кимешек жоғалса...Нені көрем?». Қайран, Мұқағали осылай жырлап еді-ау. Сахнаға шыққан әжелерді көрген де, ақиық ақынның сол өлеңі ойымызға орала берді. Осылайша, Көксу ауданына қарасты Мұқыры ауылында өткен «Ақ кимешек» әжелер байқауынан бір мерейленіп қайттық.
Аймақтар • 14 Қазан, 2022
Қылышын сүйретіп қыс келеді. Жақында Жетісу өңірінде де жылу беру маусымы басталады. Әйтсе де облыста көмір қоры жеткілікті ме? Халық қатты отыннан қағылмай ма? Осы іспетті мәселелер туған жағдайда Жетісу облыстық және Талдықорған қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мекемесі қайтпек? Бұл сауалдар әр тұрғынның көкейінде сайрап тұрғаны анық. Ал мамандар көмірден таршылық көрмейміз деп сендіруде.
Экономика • 12 Қазан, 2022
Шағын шаһарда тағы бір қуаныш. Енді Текеліде темірді тікелей қалпына келтіретін зауыт бар. Бұл өнеркәсіпке икемделген өңір үшін үлкен жаңалық. Мұнда қолданылатын өндірістік технология экологиялық жағынан өзгеше. Жетісулық мамандар отандық қара металлургия саласында өзінің қолтаңбасын қалыптастырмақ.
Аймақтар • 11 Қазан, 2022
Қазақстандағы ірі құрылыс нысандары арасында 13 арнайы экономикалық аймақ болса, соның екеуі Жетісу облысының Панфилов ауданындағы Қытай елімен арадағы шекара маңында орналасқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы Жолдауында осы арнайы экономикалық аймақтар жөнінде айтылып, олардың қызметін мүлдем жаңа бағытта ұйымдастыру мен дамытудың жолдары да атап көрсетілді.