
Таным • 21 Қыркүйек, 2022
Елімізде архив саласы ілгерілеп келеді. Қазір құжаттарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Осы ретте Астана қалалық мемлекеттік архивінің директоры Мейрам Бектембаев Финляндияға іссапарлап барып, құжаттарды цифрландыру турасында көптеген мағлұматқа қанығып қайтты. Ол Финляндия Ұлттық архивінің директоры Пайви Хаппоненмен кездесіп, өзара тәжірибе алмасты.
Білім • 20 Қыркүйек, 2022
Білім бәсекесі – ең ұлы бәсеке. Ақыл іздеген жастардың талпынысына қарап таңдай қағасыз. Күні кеше Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары шетелде өткен білім байқауынан елге жеңіспен оралды. Озат оқушылар жаңа оқу жылын осылайша жарқын көңіл күймен бастады.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2022
Жетісу жұрты үшін биыл жемісті жыл болды. Әсіресе егіншілікпен айналысқан ағайынның көңілі тоқ. Ерте көктемде, жаздың алғашқы айларында жауын-шашын мол болды. Өнім жайқалып шығып, қамбалар астыққа, базарлар көкөніске толып, шаруалардың нәсібі еселенді. Дәл осындай кәсібін дөңгелеткен шаруашылықтың бірі – Сарқан ауданындағы Черкаск ауылдық округіне қарасты «Өндірхан» шаруа қожалығы.
Таным • 18 Қыркүйек, 2022
Әуелгі әңгімені ақсақалдар айтқан, әлі айтып та келеді. Жетісу өзі киелі жер екені әмбеге аян, ендеше бұл мекеннің әулиелерден кенде болмауы заңдылық. Кешегі елге еге болған Балпық, Ескелді билердің замандасы сөзі уәлі Қоғыл әулиені бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Ұрпақ ұмытқаннан ауыр жаза жоқ шығар. Әйтпесе бабатаным «өлі риза болмай, тірі байымайды» деп даналыққа жықпап па еді. Бірақ Талдықорған қаласының іргесіндегі жатқан баба кесенесін көргенде біздің ұйысқан ұлт тамырынан ажырап кеткендей күйге түскеніміз несі!?
Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2022
Намысқа тырысқан жас балуандардың ерлігін көргенде әлемдік додаларда жауырыны жер иіскеп қайтқан жігіттердің алдын орар батырлардың келе жатқанын аңдайсыз. Олар әлі бала, бірақ осы қарқынынан қайтпаса 23 жыл қоржынға түспеген алтынды қанжығаға салары анық. Бұл ойға спорт ардагері Сәдуақас Қожасбаевты еске алуға арналған дәстүрлі спартакиадада келдік.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2022
Бөденемен шаруасын дөңгелеткен
Арқадан Жетісуға ат терлетіп келген Азамат Абыроев жер жәннатынан сүйгенімен қатар, сүйікті ісін де тапқан. Жергілікті жұрт қарағандылық жігітті бауырға басып, кәсібін ілгерілетуге жәрдемдесіпті. Бүгінде оның бүтін қаланы қамтамасыз етуге қауқарлы бөдене шаруашылығы бар. Оған қоса қыстай жылыжай шаруашылығымен айналысады, ал келіншегі жылыжай жемістерінен түрлі тағам дайындайды.
Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2022
Қарашеңгелге мектеп салып берді
Қаратал ауданына қарасты Қарашеңгел ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл өзі талай жылдан бері өңірдегі толғақты мәселенің бірі еді. 1926 жылы іргетасы қаланған ескі мектептің тозығы жетіп, оқушылар әр ғимараттың босағасын сығалап жүрген-ді. Енді, міне, өздерінің жеке-дара білім ошағы бар.
Қоғам • 14 Қыркүйек, 2022
Қазақ халқы әу бастан «Келіні жақсының керегесі алтын» деп босағадан аттаған жаулықты жанның тәрбиесі мен көрген-түйгеніне мән берген. Ғасырлардан келе жатқан осы үрдіс бүгін де өз маңыздылығын жойған жоқ. Оған Көксу ауданының Мәмбет ауылында өткен келіндер сайысы тағы бір рет дәлел болды.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022
Бүгінде Мәдениет үйі мен кітапхана ашылса қуанатын болдық. Сондай бір жылы жаңалық Алакөл ауданынан жетті. Ақтүбек ауылында су жаңа ғимарат бой көтеріпті.
Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2022
Ауылға медициналық пункт салып берді
Ауыл – азаматымен ажарлы. Туған жеріне жақсылық жасаған жанның қадірі халық үшін қашанда биік. Жақында Тарас ауылында көптен күткен медициналық пункт ашылды. Бұл үлкен қуанышқа мұрындық болған – сол топырақтың перзенті. Бұл игілікті іске біз де куә болып қайтқан едік.