Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1139 материал табылды

Аймақтар • 17 Тамыз, 2022

Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?

Сиверс. Бұл – тіл үйірер жабайы жеміс һәм жер бетіндегі алма біткеннің бабасы. Иә, «бабасы» деп айдар тағуымыз бекер емес, бұл өзі динозавр дәуірінен келе жатқан шырынды зат. 165 млн жыл бұрын пайда болған. Оны 2002 жылы британдық биолог-генетик Бэрри Дженнифер анықтап берді.

Өнер • 16 Тамыз, 2022

Арыстанмен арбасу

Француз суретшісі Эжен Делакруа 1854 жылы «Мароккодағы арыстанды аулау» картинасын Шығыс Африкаға жасаған сая­хаты туралы естеліктер негізінде жазған. Кескіндеме шеберге тән қалыпта құйылған. Арыстанмен арбасқан аңшылардың шайқасқа дайындық сахнасынан автордың қолтаңбасын тануға болады. Бұл Франция өнерінде әлі де үстемдік ететін классицизмді ұстанушылар арасында бар дағды. Құдды XIX ғасырды ұмыттырмау үшін осылай істеу қажет секілді.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2022

Қамыстан өндірілген құмшекер

Қант мәселесі әлі де елді әбігерге салуда. Базарға барсаңыз, базынасын айтқан халықтың айқайынан құлақ тұнады. Бүгінде мамандар қызылшамен қатар қамыстан да құмшекер алуға болатынын айтуда. Ол үшін заманауи техниканың әрі білікті мамандардың күші керек. Бұл игілікті істі Көксу қант зауыты күні бұрын қолға алған. Енді бұл қатарға Ақсу қант зауыты қосылмақ.

Қазақстан • 15 Тамыз, 2022

Ерлікке толы еңбек

Мимырт тірліктің ми қайнатар ыстығында бал арасының тынымсыз тіршілігі тамсантады һәм көңіл тебірентеді. Тамсантатыны сол – адам атаулы қанша рет талпынса да қол жеткізе алмаған ізгілікті де әділетті, мәнді де мағыналы ғұмыр осы бір титімдей ғана тіршілік иесіне бұйырған. Ал көңіл тебірентетіні – қаншама қанат талдырып, аяқ шаршатып, мыңдаған гүлдің басынан тірнектеп жиған тәттісінен өзіне тиесілі несібесі шамалы: еңбек – онікі, қызығы – өзгенікі. Мұндай тірлік ғұламалардың көбіне тән болса, біз бұл сөзімізді қазақтың біртуар ері Нұрмолда Алдабергеновке қаратып айтар едік.

Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Жастар жұмысы жандана түседі

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізудің стратегиясы дайындалды. Жалпы, NEET тобындағы 15-28 жас аралығындағы жастар 6,2 пайызды құрап отыр. Бұл стратегия өскелең ұрпақтың баспанаға қол жеткізу мен жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2022

Достық бесігі

Корей халқының қазаққа деген құрметі бөлек. Әсіресе ата-бабалары кер заманда Жетісу жұртын паналаған олар күні бүгінге дейін достық пейілін төгіп келеді. Соған орай Қаратал ауданына қарасты Бастөбе ауылында Оңтүстік Корея жұрт­шылығының атынан «Достық» мону­менті мен мемориалы ашылды.

Тарих • 14 Тамыз, 2022

Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына

Қазақтың Қадыр ақыны қалай тауып айтқан дерсіз… «Біздің тарих бұл-дағы қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы» дейтін сөзінде үлкен шындық ұйып жатқандай. Еуропаны әрі асып, жердің екінші бетіне аяқ бассаңыз да қазаққа қатысы бар құнды құжаттар менмұндалайды. Сөзімізге дәлел – Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ұйымдастырған Ыстанбұл қаласындағы археографиялық ғылыми-іздестіру экспедициясы. Бұл сапар ұлт руханиятына рең беріп қана қойған жоқ, тарихты тағы бір рет түрлендірді.

Өнер • 14 Тамыз, 2022

Эрмитаждағы «Балық дүкені»

Франс Снай­дерс. Бізге бей­мә­лім су­рет­ші. Ата-тегі – фламанд. Ба­рокко сти­­лінің нақ шебері. Иә, бізді қы­зық­тыр­ған осы өзгеше стиль. Оның кар­­тинасында өмір қайнап жа­тады. Қас-қағым сәт қана емес, бір адамның бар ғұмырынан сыр тартады.

Медицина • 11 Тамыз, 2022

Корей медицинасымен байланыс кеңейді

Әлемде медицина саласында корей халқының бәсі жоғары. Сондықтан қазақстандық дәрігерлер корейлік әріптестерімен өзара тәжірибе алмасып тұрады. Жақында Же­тісуға білікті мамандардың бір бөлігі келді. Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында Оңтүстік Корея Республикасындағы әйгілі Чунан университеті «ХЕНДЭ» ауру­ханасының мамандары халыққа көмек көрсетті.

Білім • 11 Тамыз, 2022

ІТ мамандарын даярлауға үлес

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі NCCER құрылыс саласындағы ұлттық оқыту және зерттеу орталығында аккредиттеуден өткен оқу орталығы мәртебесін алуға ниетті. Осы мақсатта колледж халықаралық салалық бағалаудың үшінші кезеңін аяқтады. Сондай-ақ Германияның Аға сарапшылар қызметімен бірлесіп ынтымақтастық жобасына қатысуды жоспарлап отыр.