
Сұхбат • 01 Тамыз, 2022
Кедендік шекарада кедергі азайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаңтар оқиғасынан» кейін Қытаймен шекарада орналасқан кеден бекеттерінде орын алған көлеңкелі жағдайларға байланысты қатты сын айтқан болатын. Содан кейін тиісті құқық қорғау органдарына аталған учаскеде тәртіп орнату жөнінде арнайы тапсырмалар беріп, оның орындалуын өзінің жеке бақылауында ұстағанын жақсы білеміз. Осы орайда Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Талғат Козбековке жолығып, ел басшысының сынынан кейін кедендік шекарада қандай оңтайлы шаралар жүзеге асырылып жатқаны жөнінде әңгімелескен едік.
Өнер • 01 Тамыз, 2022
Түйе өркешін ықтап өскен көшпелі халықтың өмір салты осы картинада қатталып қалғандай. Бағзы заманда қазақ үшін қам жеген, жортуылда жүріп күн кешіп, көкқасқа құрмалдық болып, бүгінде ел жадынан шыға бастаған бабатанымның басты бағдары да осы. Біздің әдет-ғұрпымызды уақыт көші алысқа алып қашқанымен, ұлттың тамыры ескі дәуірдің қазығына байлаулы. Осыны ұмытпаңызшы...
Қазақстан • 01 Тамыз, 2022
Архив жайлы айтар әңгімеміз көп. Жақсы жаңалық ести қалсақ, жарыса жазғымыз келіп тұрады. Құнды құжаттарды қайта қалпына келтіру оңай шаруа емес. Қазір бұл игілікті іске Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві білек сыбана кіріскен. Жақында Алматы қаласының мемлекеттік архивімен өзара тәжірибе алмасып, жаңа техникаларымен таныстырды.
Аймақтар • 31 Шілде, 2022
Жетісуда цифрландыру көрсеткіші жоғары
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Жетісу облысының халқымен кездесіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ведомствоның қызметі мен жобалары туралы кеңінен баяндады.
Медицина • 31 Шілде, 2022
Заманауи медициналық құрылғылар орнатылды
Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа гипотермия аппараты мен электрэнцефалография мониторы берілді. Биыл Samruk-Kazyna Trust қоры өз демеушілігімен гипотермияның аппараттық кешендерімен бес нысанды жабдықтауды жоспарласа, Жетісудағы орталық соның алғашқысы болып отыр.
Таным • 31 Шілде, 2022
Сарайшық – ортағасырлық қала. Аңызға бай шежірелі шәрі. Көне заманның көзіндей күмбезді мекен, ордалы орда. Сол шайыр шаһарда ханның жалғыз қызы айлы түннің алдында тізерлей отырып, қолаң шашын қайыққа төгіп тастап, тәтті көлге қарап таранады деседі. Аспанда жұлдыз біткен сол үшін туып, сол үшін өледі екен. Жанарынан жалт еткен сәулеге ұшқан құс та, жүгірген аң да байлаулы. Әйтсе де сол арудың өмірі тәтті болғанымен, тағдыры тым ащы болыпты.
Қоғам • 31 Шілде, 2022
Жаркенттегі қайғылы оқиға халықтың қабырғасын қайыстырды. Қаршадай қызды қапияда қолға түсіріп, жауыздық жасаған қылмыскердің әрекеті қоғам ішінде дүмпу туғызуда. Күдікті қолға түскен, кінәсін де мойындап отыр. Қазір Жетісу облысының полиция департаменті жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Аймақтар • 29 Шілде, 2022
Баһадүр бабамыз Қаракерей Қабанбайдың биыл 330 жылдық мерейтойы. Осыған орай еліміздегі тарихшы, өлкетанушы, тағы да басқа азаматтардан құралып, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қанат Еңсеновтің бастауымен «Батыр бабалар жолымен – Сырдария – Жетісу – Шығыс» атты республикалық тарихи-танымдық экспедиция ұйымдастырылды.
Медицина • 29 Шілде, 2022
Медициналық қалдықтарды жинауға, зарасыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бар. Әйтсе де Алматы және Жетісу облыстары бұл мәселеде енжарлық танытып отыр. Жақында сол санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін екі өңірдің денсаулық сақтау объектілеріне 14 млн теңгеге айыппұл салынды.
Аймақтар • 28 Шілде, 2022
Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары басталды
Өңір-өңірден келген жалынды жастардың басын бір шаңырақ астына жинап, берекесін нығайтып, бәсекеге түсірген дода алауы Жетісуда тұтанды. Облыс орталығы Талдықорған қаласында Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындарының шымылдығы түрілді. Жарыс спорттың 12 түрінен өтуде. Оған еліміздің 14 облысынан 3 мыңнан астам спортшы қатысады.