
Өнер • 25 Шілде, 2022
Сөз майталманы, айтыс өнерінің қайталанбас шебері Сара Тастанбекқызы – исі қазақтың аяулы перзенті. Әсіресе Жетісу жұртына өте ыстық. Өзінің қысқа ғұмырында әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған ақынның шығармашылық жолы көпке аян. 1906 жылы атақты Біржан салмен кездесіп, шаршы топтың алдына шығады. Бұл айтыс оның халық алдындағы беделін арттырып, атағын алысқа жайды. Міне, сол Сараның суретін көзбен көргіңіз келсе, Талдықорғанға тартыңыз.
Өнер • 25 Шілде, 2022
Біз де ұзақ ойландық, мүмкін ол да ұзақ ойланған болар. Біз де қызықтырар ештене таппадық, мүмкін ол да ештене көрмеген болар. Біздің айналып өткіміз келді, бірақ ол айналып өте алмады. Сұлулықтан қалайша айналып өтуге болады, сол маңда мәңгілік өкінішіңіз қалып кетсе қайтер едіңіз!? Сіз де кідіре тұрыңыз, пәуескеге отырған перизат бұрылып қарағанша.
Қоғам • 22 Шілде, 2022
Жүрек күші мен білек күшін сынамаққа оқталған жетісулықтар Талдықорғандағы «Жастар» саябағына жиналды. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған республикалық Tartyl Fest фестивалінің екінші іріктеу кезеңі ерекше өтті. Жарысқа 300-ге жуық адам қатысты.
Аймақтар • 22 Шілде, 2022
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысы әлі күнге жүйеленбей келеді. Жоспарланған 12 жобаның осы уақытқа дейін тек 3-і ғана жүзеге асқан. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Панфилов ауданына жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Медицина • 21 Шілде, 2022
Талдықорғандық кардиолог-дәрігерлер электрфизиологиялық зерттеу жүйесінің көмегімен алғаш рет жүрекке ота жасады.
Қоғам • 21 Шілде, 2022
Моноқаланың мұңы бітпеді дерсіз, әйтсе де халықтың өтінішін жерге тастауға болмас. Бізге хабарласқан тұрғындар тілегін ескере отырып, мәселінің мәніне үңілуді жөн санадық. Текелідегі №8 мектептің маңында жайқалып тұрған көптеген қарағай ағашы түбірімен кесіліп кеткен. Ағаштардың құлап жатқанын көрген тұрғындар дабыл қағып, заңсыз шабылғанын жеткізді.
Руханият • 21 Шілде, 2022
Өмір деген – әліппе, біз – тілазар оқушымыз. Көңіл деген – керуен, біз – таң алагеуімде ақ қанат бұлтқа арманын асатқан ақтолқын құстармыз. Тағдыр деген – жетіқарақшы, біз – алдымыздан ақтабан жол шығардай асыға жүгірген адасқақ жолаушымыз. Дүние тыныс тапқан бейқам сәтінде көмейіне бұқтырып келген қиялына қимай қарап тұрған көкжиекпіз. Қарашығына ұя салған сағынышты көз жасымен жуып-шайған ақша бұлтпыз. Ал сіз кім боласыз?
Білім • 20 Шілде, 2022
Жалған дипломмен жан баққандар
Біздің елде білім де сатылады. Бұл ешқандай асыра сілтеу емес, алып-қосары да жоқ, нақты факт. Университетке бармай, үйінде жатып оқу бітіргендердің әлегі әлі толастамай тұр. Ақылды ақшаға айырбастаған жоғары оқу орындарына реформа жасамай бұл істің бұлыңғыр тарта беретіні анық. Сенбесеңіз, Жетісу облысында 53 маман жалған дипломмен жұмысқа тұрып, жалғанды жалпағынан басып жүрген. Иә, ауыл баласына әріп үйретіп, қала баласына қалам ұстатқан жасанды мамандар біздің болашағымызға сабақ беруде.
Таным • 20 Шілде, 2022
Оның жырларында жүрек дірілі, рух толқуы және қазақтың көз жасы мөлдіреп тұр. Бұралаң соқпақ пен қараңғылыққа қамалған құпия сырлар, кеудеден құмығып шыққан тылсым дауыс естіледі. Иә, ХХ ғасырдың терезесіне үнілсеңіз, қатал саясат құрдымға құлатқан Алаш алыптарының бейнесі елестейді. Оның ішінде тағдырға иілмеген тауанды тұлға Ілияс Жансүгіров те бар. Арқырап аққан өзендей адуынды ақынның басына бір бақыт айналып келіп қонарын кім болжапты. Асыл мұрасы, жақұт жазбасы жапырақтарын жайқалтып, салқар көшке сая болды. Ол – Жетісудағы Ілияс Жансүгіров әдеби музейі.
Өнер • 20 Шілде, 2022
Бір картинаның жұмбағын шешу үшін, оның тарихы мен эволюциясына үңілсеңіз жетіп жатыр. Бояудың құпиясы, көркем кеңістіктегі беймәлім жарықтар, бұлыңғыр бейнелер өзі-ақ жан сырын жайып салады. Түстер бекерден-бекер шарпыспайды, онда суреткердің идеясы мен өмірдің іңкәрлігі бар. Арманшыл арудың алақанына қонған күн сәулесі секілді...