
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Биыл Жетісу облысында 480 тоннадан астам жидек жинау жоспарланса, соның тең жартысы құлпынай мен бүлдірген болмақ. Ортақ іске Ескелді мен Көксу ауданының бағбандары елеулі үлес қосып келеді. Бірі жаздың ми қайнатар ыстығында тыңбай еңбек етсе, енді бірі қыстың қақаған аязында жылыжайын баптайды. Ауылдағы қожалықтар өңірді ғана емес, республика көлемінде тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етуге қауқарлы.
Өнер • 22 Тамыз, 2022
Абсурд. Бұлыңғыр тартқан дүниеде арманыңның діңкесі құрығанда құшағына қысар қайсыңыз бар? Қара көңілдің көлеңкесі де қара… дәл солай өмірдің де өзегі талған, үміт өзеурейді, сенім ұйқыда. Адам бар ғұмырын қарын тойғызумен ғана өткізеді екен ғой… әйтпесе, қазақтың таңда малды өріске айдап салып, ымырт үйіріле төбе басына таяқ алып шығатыны несі!?
Аймақтар • 22 Тамыз, 2022
Жетісу облысының Мұқыры ауылына 30 шақырымдық газ құбыры тартылып, табиғи газ берілді. Бұл – Көксу ауданында осы жылы көгілдір отынға қосылған бесінші ауыл. Мұқырылық тұрғындар осыған дейін облыс әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесуінде ауылға газ қостыруды жылдың соңына дейін бітіріп беруді сұраған еді. Міне, бүгін тілегіне жетіп отыр.
Әдебиет • 21 Тамыз, 2022
Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы Ғали Ормановтың туғанына 115 жыл толмақ. Былтыр 80 жылдан кейін қаламгердің латын қарпімен жазылған күнделігі табылған еді. Жақында аталған еңбек кирилл қарпімен қайта басылып шықты. Бұған дейін еш жерде жарық көрмеген құнды мұрада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы көптеген мәлімет жазылған.
Аймақтар • 21 Тамыз, 2022
Спорт күні қарсанында Жетісуда жаңа стадион ашылды. Сарқан қаласындағы Н.Островский мектеп-лицейінде орналасқан ойын алаңы шағын шаһардың сәнін келтіріп тұр. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 35 млн теңге бөлінген.
Білім • 19 Тамыз, 2022
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын
Үкімет отырысында еліміздің биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы, сол сияқты жаңа оқу жылына дайындық мәселелері пысықталған еді. Жиында өзге өңірлермен қатар Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев та жаңа оқу жылына өңір мектептерінің дайындығы жайында баяндады.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2022
Жетісу өңірінде теңіз деңгейінен 1 425 метр биіктікте Жоңғар Алатауының етегінде табиғи таза бал өндіріледі. Мұнда Ескелді ауданындағы «ТеkТаu» ЖШС 300-дей араның ұясын ұстап, омарташылықпен айналысуда. Серіктестік жылына 100 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Өзі өндіргенімен қатар олар балды жергілікті омарташылардан да сатып алады. Балдың сапасы мен тазалығы өздерінің арнайы зертханасында тексеруден өтеді. Өнімдерін отандық нарыққа, БАӘ мен Ресейге және Қытайға экспорттап отыр.
Өнер • 18 Тамыз, 2022
Бұл тек бас киім ғана емес, ұлт мәдениетінің ұйығы. Ежелден келе жатқан этнографиялық мүлік. Байырғы қазақ қызының жан дүниесіне ажар беріп, оған деген көзқарасты қалыптастырды. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі. Оны өзгемен айырбастауға болмайды.
Ахмет Байтұрсынұлы • 17 Тамыз, 2022
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы өзі сүйген ұлттың сөзі айтылды. Бірақ сонда да аз секілді, қазақ үшін күрескен тауанды тұлғаның тереңіне кім бойлапты. Жақында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінен қайраткердің құжаттарын көзіміз шалып қалды. Алаштың арманы үшін алып империямен алысқан қазақ баласының жүрек сөзі жазылған қолжазбалар ерен ерді еске түсіреді.
Медицина • 17 Тамыз, 2022
Жұқпалы індеттен абай болған абзал
Жаһандық індеттен бөлек, жіті ішек жұқпасы да меңдеп келеді. Жетісу облысының дәрігерлері тұрғындарды сақ болуға шақыруда. Өңір бойынша соңғы 7 айда жіті ішек жұқпасының 352 жағдайы тіркелген, оның ішінде 219-ы 14 жасқа дейінгі балаларда кездесті. Былтырмен салыстырғанда сырқаттанушылар саны 97,5 пайызға жоғарылаған, ал республикалық көрсеткіштен 1,5 есе төмен.