
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022
Көптің көңілінде жүрген түйткіл де тарқады. Талдықорғандағы №9 мектепке жазушы Сайын Мұратбековтың есімі беріліп, оқушылардың қуанышын еселеді. Классик жазушының атын арқалаған білім ордасы қаланың қақ ортасында орналасқан. Жетісулық қаламгерлер жақсы жаңалықтан бір желпініп қалды.
Білім • 01 Қыркүйек, 2022
Мектеп тауарларын таңдағанда...
Жаймашуақ жаз да көрген түстей өтті де кетті. Бұл – ата-аналар балаларын мектепке әзірлеп әбігерге түсетін мезгіл. Жаңа оқу жылына жаңа форма, жаңа оқу құралдары қажет. Әйтсе де облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кеңсе тауарларынан басқа, костюм-шалбар, аяқкиім, сөмкені сатып аларда мұқият болуды ескертеді. Оқушыға мектеп формасын таңдау өте маңызды, себебі 9 ай бойғы тіршілігі сонымен байланысты.
Өнер • 31 Тамыз, 2022
Біз еркіндіктің не екенін қыранға қарап түсіндік. Қанатын кеңге жайған ғажайып құс алып аспанның алақанында қалқып жүргендей. Шырқау биікте қалықтаған бостандық бейнесі қазақтың арманын арқалап бара жатқандай. Отанды сүю оңай емес, қыранның мұзарт шыңға асыққанындай алапат күй. Біз картинаға қарап ұлттың еркіндікке құштарлығын көреміз.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
«Жетісу өңірінен Қытайға қарай бірқатар ауыл шаруашылығы өнімі экспортталады. Соған байланысты Қытай тарапы өз стандарттарына сай зертхананы қазіргідей тек Қытай жағында емес, шекараның Қазақстан жақ бетіне де салса, экспорттау барысындағы процедураларды біршама жеңілдетер еді». Бұл облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Қытайдың Алматыдағы Бас Консулы Цзян Вэймен кездесуде айтқан ұсынысы. Алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастық шеңбері кеңейе түспек.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2022
Бұл – өңірдегі тұңғыш тамыз кеңесі. Жетісу өз алдына дербес облыс болғалы білім саласының мамандары бір шаңырақ астында алғаш рет бас қосып отыр. Болашақтың баяны, келешектің кепілі мұғалім берген сапалы білімге байланысты. Биыл білім саласының бюджеті 138 млрд теңгеден асып отыр. Бұл – әлеуметтік салаға бөлінген қаражаттың шамамен 65 пайызы. Демек жетісулықтар басым бағытты білім саласына бұрып отыр деген сөз.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2022
Талдықорғанда «Қызылжар шайқасы: Құдайназар батыр бастаған 100 сарбаздың тарихи рөлі» тақырыбында облыстық тарихи-танымдық конференция өтті. Қазақ-жоңғар соғысы тұсында Жетісу жері үшін күрес талай боздақтың жанын қиып, ерлік істердің өнегесін қалдырды. Бірақ соның көбі зерттелмей, тек ел ішінде аңыз болып айтылып жүр.
Білім • 27 Тамыз, 2022
Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, Назарбаев университетінің студенті Арман Болатов Болгарияда өткен 29-шы халықаралық математика байқауында алтын медаль жеңіп алды. Бұл білім бәйгесі қатысушыларының саны бойынша ең ірі олимпиада болып есептеледі.
Өнер • 25 Тамыз, 2022
Қазақты қалай жақсы көру керектігін көркемөнерде Қастеев үйретті. Маған, сізге, оған… Қай ұлттың болсын өзіне тән бояуы болуы заңдылық. Сол қоңыр бояуды алғаш қолданған сұңғыла суреткер еді. Бейнелеу өнерінің беймәлім әлеміне ауыл баласының арманын жазды. Жоқ, жазып қана қойған жоқ, көшпенді халықтың ғаламат ғұмырынан сыр суырды.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2022
Қараусыз қалған қасиетті нысандар
Сіз, Жетісудың табиғатынан бөлек, дәуір мұңын жастанған киелі орындарға бай екенін білесіз бе? Бір Қапалдың өзінде бірнеше тарихи ғимарат жасырынып жатыр. Жоқ, олар жасырынып жатқан жоқ, қадіріне жетер қазақ баласын күтуде. Бұрындары бүтін халықтың ақыл-есіне айналған рухани шаңырақтар кедейдің үйіндей күтімсіз қалған, әне қабырғасы құлағалы тұр. Қараша халық қанша шырылдағанымен, биліктің құлағына жетпеуде. Ал жергілікті әкімшілік мемлекетке иек артумен әлек.
Аймақтар • 24 Тамыз, 2022
Отандық нарықта 70 жылдан бері іркіліссіз жұмыс істеп келе жатқан Текелі сүт зауыты жуырда стақандағы тұзды айран мен дәстүрлі рецептпен құрт шығара бастады. Сөйтіп, зауыттың шығаратын өнім түрлері оннан асты, яғни сары май, сүзбе, қаймақ, майлылығы әртүрлі сүт пен айранның қатары жаңа өнімдермен толықты. Сонымен қатар тәжірибе ретінде «Сулугуни» ірімшігін өндіруді де қолға ала бастады. Алдағы уақытта балмұздақ шығаруды жоспарлап отыр.