Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1139 материал табылды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2022

Алакөлге апаратын жол құрылысы аяқталады

Келген қонақтардың басым бөлігі Алакөл ауданы жолының нашар екенін жиі айтады. Оның сапасын жақсарту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Биылдың өзінде 1 млрд теңге қаражат бөлінген, оның ішінде күрделі жөндеуге 474 млн теңге жұмсалған. Келер жылы көлге түсуге келген туристер бұрынғыдай қиындық көрмейді.

Тарих • 26 Қыркүйек, 2022

Сарқан тарихы сақтаулы тұр

Өткен дәуірдің дүр дидарын көргіңіз келсе, музейге барыңыз. Шежірелі ғасырдың шекпенін иығына асып, шау тартқан шындықтың мұңын шерткен мұралы мекеме жаныңызды бір серпілтіп тастайды. Сондай бір тағылымды нысан – Сарқан ауданының тарихи музейі. Ауылдың іргесінде орналасқан аяулы шаңыраққа арнайы ат басын бұрып, бабадан жеткен жақұт жәдігерлерді көзбен көріп қайтқан едік.

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2022

Ыңыршағы айналған сиырлар

Ақсу ауданындағы асыл тұқымды сиырлардың аянышты жағдайы әлеуметтік желіде біраз дүрбелең туғызды. Нақты айтсақ, Қызылағаш ауылындағы «Агрохолдинг Ақсу» ЖШС тауарлы сүт фермасы басшылығының жанайқайы ел ішінде қызу талқыланды. Осы істің анық-қанығын білу үшін аталған фермаға хабарласып, мән-жайды анықтаған болатынбыз.

Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2022

Қапал мешіті қалпына келмек

Кеңес кезеңінде бүлініп, тоқырау жылдарында қараусыз қалған Қапал мешітінің жай-күйін бұған дейін де жазғанбыз. Өңір журналистері де дабыл қағып, қасиетті нысанның қирағалы тұрғанын көтерген еді. Енді, міне, ел назарын аударған жағдай оң шешімін табатын болыпты. Мұны осы істің басы-қасында жүрген журналист Қажет Андас айтты. Алдағы уақытта рухани ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне қызмет ететін болады.

Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

Қатталған қала тарихы

Халықтың қалауымен Нұр-Сұлтан қаласы қайта Астана болып бекіді. Бұл да – бір тарихи оқиға. Терең­нен тартсаңыз, талай рет аты жаңарған әсем ша­һарға Астана есімі әр беріп тұрғандай. Айтуға оңай һәм астарлы. Әсіресе жас­тарды ерекше күйге бөлейді. Мұны «Менің қалам­ның тарихы» атты экскур­сиялық көрмеде байқадық.

Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

Жетісу жәрмеңкесі

Же­тісу­дың жеміс-жидегі мен көкөнісіне қол жеткізе алмай жүр­­­ген елордалықтар үшін «Астана Арена» стадионының аума­ғын­да облыстың тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәр­­меңкесі өтті. Жәрмеңкенің алғашқы күнінен-ақ жетісу­лық­­тар алып келген 227,1 тонна өнімінің 150 тоннасын сатып үлгерді.

Қоғам • 22 Қыркүйек, 2022

Көшбасшы қабілетке себепші жоба

Zhasproject жобасы – жастардың ерік-жігерін шыңдап, көшбасшылық қабілетін арттырады. Бұл игілікті іс – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен жүзеге асып отыр. Бірегей бағдарлама аясында жастар жергілікті тұрғындарға пайда әкелетін өзінің әлеуметтік жобасын іске асыруға мүмкіндік алады.

Экономика • 21 Қыркүйек, 2022

Жүгерінің жаңа буданы

Жалпы, Жетісу өңірінің егіншілік саласында көші ілгері. Биылдың өзінде 80 мың гектарға жуық алқапқа жүгері егілді. Соның 26 мың гектардан астамы соңғы 60 жыл ауқымында жүгеріні жетекші дақыл ретінде баптап келген Жаркент өңірі егіншілерінің еншісінде. Сондықтан болар соңғы жылдары егін жинау науқанының алдында облыс жүгерішілерінің басым бөлігі Жаркент өңіріне жиналып, алқалы кеңес құрып жүр.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022

Ғарыш мониторингінің мүмкіндігі мол

«Бүгінде ғарыш мониторингі нәтижесінде облысымызда пайдаланылмай жатқан 857 мың га жер бар екені анықталды, соның 42,4 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды, 438,6 гектары ауыл шаруашылығы айналымына қосылды. Сол сияқты өңірдің әр қиырынан белгіленбеген жерге қоқыс төгілген 154 орын анықталды, соның 109-ы жойылды». Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасы, белгілі ұшқыш Айдын Айымбетовпен кездесуде осылай деді.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022

Тотыдай түрленген Текелі

Жетісудағы туризмнің бір мүйісі саналатын табиғаты көркем Текелі қала­сы­ның құрылғанына – 70 жыл. Өңірде өндіріс саласының негізгі орталығына ба­ланатын шағын шаһар жыл өткен сайын түрленіп келеді. Бүгінде облыс тұр­ғындары үшін сейіл құратын бірден-бір демалыс аймағы. Жастар үшін де махаббат аллеясына айналып үлгерді.