
Шаруашылық • 12 Қыркүйек, 2024
Шаруалар техниканы қалай жаңартып жатыр?
Осыған дейін Жетісуда ауыл шаруашылығы техникасы ескіргенін айтқанбыз. Дегенмен жаңарту жұмысы жүріп жатыр. Мәселен, биыл облыс 664 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы көлігін сатып алған. Оның 33-і Қаратал ауданына тиесілі. Оған шамамен 532 млн теңге жұмсалған. Қазір қараталдық шаруалардың көңілі тоқ, егін басында жүр. Келер жылы да өңірге бірнеше жаңа техника келеді.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2024
Қолжетімді баспана – көп тілегі
Жетісуда шалғай аудандарда үй кезегінде тұрғандар баспаналы болып жатыр. Мәселен, Алакөлде 60 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілді. Сөйтіп, көпбалалы ата-аналар мен әлеуметтік осал топ өкілдері қоныстойын тойлады. Жалпы, облыста жыл соңына дейін 4 117 отбасы қолжетімді баспанаға ие болады. Оның ішінде 200-і көпбалалы, 300-і әлеуметтік осал отбасы тобына жатады.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2024
Жетісуда спорт саласына арналған кешендер көптеп салынып жатыр. Әсіресе алыстағы ауыл балалары арналған жаңа ғимараттардың құрылысы қарқынды. Мәселен, былтыр 4 блокты-модульді спорт кешені салынса, биыл тағы 6 нысан тұрғызу жоспарланған. Жақында облыс туризмінің тамырына қан жүгірткен моноқала Текеліде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2024
Жетісу ауылдарында Мәдениет үйі салынады
Жер жәннаты – Жетісу жеріндегі жайдарман жаңалықтардың қатарында Қоғалы ауылында ашылған Мәдениет үйі де бар. Киелі Күреңбел өңіріне қарасты аталған елді мекендегі рухани ошақ күрделі жөндеу жұмысынан кейін қайта ажарланып, заман талабына сай қалыпқа келтірілді. Тағы да басқа шалғай ауылдарда осындай 12 мәдени нысан бой көтереді. Қазір құрылыс жұмыстары басталды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2024
Өңірдегі денсаулық саласы ілгерілеп келеді
Жетісу облысының денсаулық саласында алға қойған жоспарлары біртіндеп жүзеге асып келеді. Мәселен, биыл Талдықорғандағы кардиологиялық орталықта 3 мыңға жуық пациент ем қабылдап, операция жасатқан. Одан бөлек, ауыл-ауылдарда заманауи медициналық орталықтар салынып жатыр. Айталық, Қаратал ауданының өзінде 8 медицина нысаны бой көтереді. Сондай-ақ білікті мамандарды тарту жұмыстары қолға алынып жатыр.
Инвестиция • 10 Қыркүйек, 2024
Жетісу – инвестиция тартуға қолайлы өңір. Аграрлы облыстың ауыл шаруашылығы саласынан бөлек, туризм, логистика саласында да әлеуеті жоғары. Соңғы 7 айда 188,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Көп ұзамай инвесторлардың көмегімен қос бірдей су электр стансасы салынбақ. Одан бөлек, жүгеріні терең өңдейтін зауыт қажеттілігі туып отыр. Қазір осы салаға қаржы құюға ниетті инвесторлар ізделіп жатыр.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында туристік аймақтарды дамыту керектігін алға тартты. Бұл ретте қос көлді бауырына басқан Жетісу өңірінің маңызы жоғары. Суы шипалы саналатын Балқаш пен Алакөлге жылына миллиондаған қонақ келеді. Әйткенмен екеуінің де инженерлік инфрақұрылымы әлі осал. Осы мәселенің алдын алу үшін әуелі Балқаш жағалауына инженерлік жүйелерді тарту жұмыстары басталды.
Аймақтар • 06 Қыркүйек, 2024
Бүгінде лудомания, синтетикалық есірткі, суицид секілді дүниелерден жастарды алшақтату үшін де тәрбие мен рухани ортаның диалогі қажет. Осы ретте облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен қолға алынған менторлық жоба өз жемісін беріп отыр. Соның нәтижесінде аудандардағы жасөспірімдер қылмысы 4 есеге төмендеген. Бүгінде Жетісу мектептерінде 108 әдеп және құқық жұмысы жөніндегі ментор жұмыс істейді.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2024
Жетісуда медицина саласына бағытталған блокті-модульді нысандар көптеп салынып жатыр. Мәселен, биыл ондаған ауылда заманауи емханалар бой көтерген. Одан бөлек, кейінгі екі жылда 47 ветеринарлық пункт салынған. Жақында облыс орталығында тұрғызылатын онкологиялық орталықтың да жобасы сызылды. Қазір ауылдағы халықтың әлеуметтік деңгейін жақсарту мақсатында осындай қадамдар жасалып жатыр.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2024
Әрбір сәби бақытты өмір сүруге құқылы. Тағдырдың тауқыметін кешсе де, жақсылықтан күдер үзбеуі керек. Осы ретте Жетісу өңірінде балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді. Бұл мекемелерде бір мезгілде 500-дей бала ем ала алады. Оларға білікті мамандар қызмет көрсетеді. Заманауи құрал-жабдықтармен толық жарақтанған нысандар талай балаға кешенді қолдау көрсетіп, денсаулығын оңалтуға сеп болып отыр.