Заң • 29 Сәуір, 2025

Шерзат ісі: Дархан Әскентайдың сыныптасы жауап берді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысында Шерзат Полаттың кісі қолынан қаза табуына байланысты өтіп жатқан сот процесінде маңызды куәліктер тыңдалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шерзат ісі: Дархан Әскентайдың сыныптасы жауап берді

фото: Жоғарғы сот

Сот барысында айыпталушы Дархан Әскентайдың сыныптасы мен таныстары куәлік етті. Сыныптастарының айтуынша, Дархан сабырлы, ешқашан жанжал шығармайтын, төбелеске бейім емес адам ретінде сипатталады. Ал 31 жастағы Еркебұлан Тоқтарбай оқиға болған күні Дарханмен бірге болғанын айтты. Оның сөзінше, олар газ қондырғысын жөндеу үшін кездесіп, кейін Дархан дүкеннен сыра әкеліп, Айдын есімді танысымен ішкен. Еркебұланның айтуынша, олар ішкенімен, мас болмаған.

Сондай-ақ Еркебұлан Дарханды дүкен маңында қалдырып кеткенін және көлікте отырған кезде Дархан біреуден ақша сұрағанын, оған көмектескенін жеткізді. Болған жағдай туралы ол тек келесі күні әлеуметтік желіден білгенін мәлімдеді.

Қорғаушылар куәгерлерден Дархан Әскентайдың бұған дейін ұқсас оқиғаларға қатысы бар-жоғын сұрастырды. Алайда куәгерлер мұндай фактілер туралы білмейтінін айтты. Белгілі болғандай, Дархан оқиға алдында Қаржаубайдың дүкенінен сыра сатып алған. Бұған дейін де оның үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, сотқа жетпей тоқтатылған. Қазіргі уақытта оның ресми соттылығы жоқ.

Іс бойынша сот отырыстары жалғасуда.