Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
1152 материал табылды

Әдебиет • 19 Тамыз, 2021

Нонсенс

Қызық, түк те қызық емес! Өзі жұмбақ дүние, оны шеше алмай біз де жұмбақ болып барамыз. Қазақ әлсіздігін жеңу үшін Махамбетті оқу керек деседі. Сол рас па екен!? Өлеңді қалам емес, өмірдің өзі жазады. Пенденің тағдырына Тәңірдің қатысы болса, біз неге қателесе береміз? Сосын әлбетте Құдайдан кешірім сұраймыз. Бәрін біле тұрып… Миллениум ішіндегі миллион мағынасыздық… Мазмұнсыз ғұмырдың іш пыстырар мінезінен мезі болған жоқсыз ба? Сіз?

Тарих • 17 Тамыз, 2021

Ежелгі дәуір елесі

Тарихын аңызға сүйеген алаштың қасқыр мінезіне қарап бойынан бөрілік сипатты байқайсыз. Тіпті онысын тасқа қалап, ағашпен ойып та баяндайды. Бөрілі байрақ қолға алып шапқан бабамыздың ерлігі өз алдына, топырағын қазсаң қазба байлығынан да көкбөрілік рух аңқып тұрады. Тасқа қашап, ағашты жонып салынған суретке қарап, ежелгі дәуірдің келбетін көреміз. Бұл – біздің тарихтың шежіресі.

Руханият • 12 Тамыз, 2021

Сана дерті

Біздің қазақы түсініктен таған тартсаңыз тап осы туындыға былай анықтама берер едіңіз. «Адамның басы – Алланың добы». Бұдан артық тәмсіл таппасыңыз тағы аян. Ал мүсінші Томас Лерой олай ойламайды. Кешіріп қойыңыз, ең ауыр дерт – сана дерті. Салмақтап көріңізші, ойдан терең шыңырау бар ма, осы? Бір құласаңыз, қайтып шығуыңыз екіталай. Білесіз бе, біз көтерген ең ауыр жүк – біздің басымыздағы ақыл. Қалғаны күйбең тіршіліктің күйкілі ғана.

Тарих • 11 Тамыз, 2021

Көне бұйым – көзайым

Испандықтар әркім жәрмеңкені өзінің тапқан затына қарап бағалайды деседі. Жөн сөз! Біздің тарих базарынан тапқан қазынамыз санаулы болса да, салмағы ауыр. Сондықтан көсіле сөйлеуге болады. Ақын Қадыр Мырза Әлі айтпақшы: «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақтағы». Сол парағы жұқа оқулықта бабалар аманатын арқалаған құндылық бар. Жерден табылған ескі бұйымның естелігі – ел руханиятының азығы. Мәселен, ғұрыптық шамдалды алып қараңызшы!

Өнер • 10 Тамыз, 2021

Театр тарланы еді

Ғұмыры ізгілікке толы жандардың өмірпарағына үңілген қандай ғажап. Еске алған сайын, көңілің елегізіп, кеудеңе қанат біткендей болады. Осындай тау тұлғалардың ортамызда болғаны жанға сая, рухқа медет еді. Әттең... Ұлы уақыттың өз жоспары бар. Қарабауыр қоғамда жақсы адамдарға, әсіресе, өнермен қанаттас таланттарға қазақ сахнасы шөлдеп тұратыны жасырын емес. Тәңірі берген қасиеттің қадірін біліп, қылтасын қақпанға қидырса да қыңқ демей, ұлт руханияты үшін рухын қайраған жандардың қай-қайсысы да ыстық. Бүгін сондай жарқын бейнелердің бірі, тірісінде театр тарланына айналған Өмірсерік Қалиұлы жайында сөз қаузамақпыз.

Елорда • 04 Тамыз, 2021

Ескі құжаттардағы бүгінгі тіршілік

Архив – ақиқат кемесі. Тарих теңізінде еркін жүзгіңіз келсе сол кемеде болуыңыз шарт. Неге десеңіз, қымбат құжаттарды қолмен ұстап көрмей, өткенінізге баға бере алмайсыз. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының мемле­кеттік архивінде 1964 жылы қалалық кеңес депутаттарының құнды хаттамалары бар. Қызығы сол, ескі қолжазбаларда мадақ пен құрметтен гөрі сын пікір самсап тұр. Оны қарапайым халық шенеуніктердің шаңын қаққанын құжаттар дәлелдеп береді.

Тарих • 03 Тамыз, 2021

Қасқыр бейнелі қасық

Тарих – құпиялардың сөздігі. Шешімін табу үшін көне дүниелердің көзімен қарауға тура келеді. Адамзаттың шыққан тегін анықтайтын да сол құнды жауһарлар. Сенбесеңіз, көркемделіп ойылған зооморфты сүйек қасыққа қараңызшы. Бөрінің бейнесі сызылған ескі заттан қазақтың иісі шығып тұр.

Өнер • 03 Тамыз, 2021

Рух бейнесі

Айпара жүзінен ақиқаттың нұры ескен алдаспан ақынның бейнесінде рух­ бар. Жанарынан тұнған ызғардан ұлтқа деген жанашырлықтың лебі еседі. Көрген көз ұзақ қарауға батпайды. Қайткенмен де поэзиялық портреттің мысы басады. Жылдар жанарын буласа да осы түр, осы кейіп мәңгіліктің төрінде. Бөрілермен бөрілерше белдескен ақынның тұлғасы болашақтың бет­түзер рухани құбыласына айналуы заңдылық!

Аймақтар • 02 Тамыз, 2021

Көкшеде «Ұлы дала рухы» дүбірледі

Ұлттық спорт түрлерінен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі басталды. Төл спортымыздың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату сынды түрінен өтетін жарыс командалық тәртіппен жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 29 Шілде, 2021

Жеңіс дауысы

Заманның зары аңқиды. Өйткені бұл дауыста қайғының табы бар. Уақыттың көз жасы, дәуірдің дабылы сіңген. Мен қорықпаймын ғой, үйдегі әжем естіген сайын бір тыжырынып қалады. Шалынан айырған соғыстың қайсібір қылығын жақтыра қойсын. «Атамашы сол пәлені» деп арыдан үркиді. Ал біз осы үннен ізгілік іздейміз. Іздеп қана қоймай, жеңістің дәмін сездірген ырғақты нотадай радиоға ынтыға қалатынымыз бар. Бұл қилы ой сілеміне салатын көрініс.