Өнер • 11 Шілде, 2022

«Мамания» – шеберлік орталығы

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Алтын адам» Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі Текелі қаласындағы Орталық Азия университетінің ғимаратынан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оқыту орталығын ашты. Оны «Мамания» шеберлік орталығы деп атады.

«Мамания» – шеберлік орталығы

«Мамания» мектебінің негізін 1889 жылы ағартушы, меценат Тұрыс­бек Маманов қалаған. Қазақ даласына білім шырағын жақ­қан оқу ордасының бірі. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы Жетісу жерінен түлеген ұлт көш­бас­шыларының дені осы мектепте білім алған. Орталықтың атын «Мамания» деп атаудың да мәні тереңде.

«Мақсатымыз – «Мамания» мектебінің игі істерін қайта жаңғырту. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім береміз. Болашақта ауқымын кеңейтіп, шеберлер мектебіне айналдыру  ойымызда  бар», дейді «Алтын адам» Жетісу шеберлері орталығының төрайымы Дина Бакирова.

Қамкөңіл жандарға жасалған осындай қамқорлық қала басшылары мен тұрғындарын да бейжай қалдырмағаны анық. Ашылу салтанатына Текелі қаласының әкімі Батыр Молдахметов қатысып, ізгі ниетін білдірді.

Орталықта мүмкіндігі шектеулі балалар тегін білім алып, өнерін өрістетеді. Ондағы  мүмкіндігі шектеулі 38 балаға 4 шебер кескіндеме, сурет салу, безендіру, моделдеу, киіз басу, бесмер тігу, сабын жасау сияқты үйірмелерде қолөнерден сабақ береді. Олардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалғаны көрініп тұр.

«Орталықты ашар алдында мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін кіріп-шығуына көңіл бөлдік. Ғимараттың кіріп-шығу құрылғылары, есік, үстел, орын­дыққа дейін еуропалық стандарт бойынша орналастырылды. Сон­дай-ақ мүмкіндігі шектеулі азамат­тармен жұмыс істеуде тәжіри­беміз мол. Осы жерге келген әр адам жақсы білім алып, шебер­лігін шыңдап, ешкімге жалтақ­тамай, жеке кәсібін ашуға керекті біліктілік жинап қайтса, қуанар едік», деді Орталық Азия университетінің әкімшілік өкілі Райхан Сейсекенова.

Орталық аталған бірлестіктің жеке қаржысымен ашылды. Алдағы уақытта басқа аудан, қалалардан да осындай игілікті жұмыс қолға алынбақ.

 

Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25