Саясат • 05 Қаңтар, 2024
Сенат Төрағасы атыраулықтармен кездесті
Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Атырау облысындағы мәслихаттар депутаттарымен, жұртшылықпен, ақсақалдармен және жастармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 05 Қаңтар, 2024
Балаларға шипа – күрделі операциялар
Кейінгі жылдары Атырау облыстық балалар ауруханасында күрделі операциялар жиі жасалып жүр. Аурухана директоры Нұрғабыл Айтмұханбетовтің дерегіне сүйенсек, былтыр 11 айда – 3 480, оның ішінде 1 933 (55%) операция шұғыл түрде жасалған.
Кәсіпкер • 04 Қаңтар, 2024
«Атамекен» ҰКП Атырау облыстық филиалы кәсіп бастағысы келетіндер арасында бірнеше жобаны іске асырып келеді. Сондай жобаның бірі – «Кәсіпке бағыт». Бұл жобаға қатысқан 57 адам үш ай білімін жетілдіріп, кейбірі өз ісін бастады.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Жаңа баспанадан моноқалада тұратын 300 отбасына пәтер берілді.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2024
Жылыой ауданындағы бес округтің бірі – Майкөмген ауылында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді. Мәдени іс-шаралар ордасы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен бой көтерген.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Өнертапқыштың электронды тақтасы
Жылыой ауданындағы жас техниктер стансасында роботтық техника үйірмесіне жетекшілік ететін өнертапқыш Қуаныш Шалабаев екі электронды тақта құрастырды. Тақталарға сойылған қойды жіліктеу, табақ тарту тәсілі енгізілген.
Өнер • 27 Желтоқсан, 2023
Мақат ауданында бастауыш сынып оқушылары оқитын №2 мектеп бар. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуымен бірге, ұлттық өнерге сусындауына көңіл бөлініп отыр.
Балалар • 25 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндеттер тұр» деген еді. Сондай негізгі міндеттердің қатарында 2-6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту мәселесі де бар.
Өнер • 21 Желтоқсан, 2023
Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің репертуары өте бай. Өнер ұжымы қазақтың және әлемнің танымал композиторларының туындыларын орындайды. Жақында оркестр Мажарстан астанасы – Будапешт қаласындағы House of music залында өнер көрсетті.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2023
Мұнайлы шаһарда апатты жағдайда тұрған 82 үй бар. Мәселен, Азаттық даңғылындағы ескі үй 1947 жылы салынған. Ал Стаханов көшесіндегі 8 пәтерлік үйдің іргетасы 1950 жылы қаланған.