
Саясат • 13 Қаңтар, 2023
«Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Атырау облысының жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында партия басшысы өңірлік филиал жанындағы кеңес беру орталығының қызметімен танысып, «Құқықтық көмек» партиялық жобасының іске қосылғанын жеткізді.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Атырау облысында мектеп мұғалімдері жетіспейді. Сол себептен, Үкімет «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы» қаулысын қабылдаған еді.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023
Махамбет ауданының Есбол орта мектебінде тарих пәнінен дәріс беретін Жалғас Таңатов оқушыларды археологиялық қазба жұмыстарына жиі апарып жүр. Өткен жылы ол өзі тұратын ауыл маңынан көптеген тарихи жәдігер тапқан.
Медицина • 10 Қаңтар, 2023
Сырқатына дауа іздеген жанның бәрі дәрігерден көмек күтетіні даусыз. Атырау облыстық кардиология орталығында сондай сырқаттың біріне жасалған күрделі операция сәтті өтті.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2023
Мұнайлы өңір қаржыны неге игере алмады?
Соңғы жылдары жаһан жұртын шырмауықтай шырмаған қауіпті індет талайды сын тезіне салды. Өйткені стратегиялық әрі әріптестік байланысы бар елдердің бір-бірімен экономикалық алыс-берісі, барыс-келісі азайып, тіпті сан алуан өнімін экспортқа шығарудың өзі мұңға айналды.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2022
Атыраудағы газ-химия кешеніне жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ақпаратына сүйенсек, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (KPI) ЖШС зауытының қызметкерлерінен шағым түскен.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2022
Жылу желілерін бақылау маңызды
Биыл мұнайлы Атырау облысында жылыту маусымына дайындыққа 3 млрд теңге бөлінген. Алайда соған қарамастан, энергетика саласында қордаланған түйін әлі де көп. Мұны «Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, басқан жері сықырлап келіп қалды» деп дана Абай айтқан қыс қаһарына әлі міне қоймаған шақта тұрғындардың жылусыз қалуынан байқауға болады. Ал жылу электр орталығын басқарып отырған басшылар, әкімдіктердің коммуналдық салаға жауапты мамандары «Қыс шанаңды жаз сайла» деген қағиданы ұстанбайтын секілді.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2022
Жоспарлы жөндеудің кешігу себебі
Қазан айында Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу басталған еді. Содан бергі екі айда 32 технологиялық қондырғыны жоспарлы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылған. Мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік берген бұл тәсіл алғаш рет қолданылып отыр.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2022
Бүгінгі күннің көкейкесті талабы – жаңарған әрі әділетті Қазақстан қоғамын құру. Бұл үшін бұқараның құқығына нұқсан келтіретін, наразылығын тудыратын қылмыс атаулының тамырына балта шабылуға тиіс. Осы орайда қазақ қоғамы алдымен қазынаның мол қаржысынан қарпып қалуды көксеп, жемсауы бүлкілдеп тұратын сыбайлас жемқорлық пен жемқорлардың «жүгенделгенін» қалайды.
Оқиға • 16 Желтоқсан, 2022
Атырауда балық тиелген кеме мұз құрсауында тұр. Енді бұл кемені күн жылынбай жағаға жеткізу мүмкін емес.