Аймақтар • 13 Сәуір, 2024

Атырау облысында 4 мұнай ұңғыма су ортасында қалды

1062 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында мұнай өндіріліп жатқан 4 ұңғыманы су басты, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысында 4 мұнай ұңғыма су ортасында қалды

ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті мәлім еткендей, 3 ұңғыма Қызылқоға, ал біреуі Мақат ауданында орналасқан.

«Атырау облысындағы «Қайнармұнайгаз» басқармасының «Шығыс Уаз» кен орнында 3 ұңғыма бар. Бұл – №101, №106, №116 ұңғымалар. Қазір ұңғымаларды қорғау бөгетінің жанына төселген құм салынған қаптардың үстіне топырақ төгіліп жатыр. Суды Сағыз өзеніне НБ-50 сорғымен айдау жұмыстарын жүргізуге 4 адам мен 2 арнайы техника тартылды», деп хабарлады өңірлік департаменттен.

Ж.Көшербайұлы

Ал, «5А Ойл» ЖШС-нің «Жаңа Мақат» кен орнындағы №Е7 ұңғыманың жанына топырақ төгу және қалпына келтіру жұмысы аяқталды.