Оқиға • 14 Сәуір, 2024

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен 2 жолаушы мерт болды

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында Toyota жеңіл көлігі КамАЗ-дың тіркемесіне соғылды. Жол апатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен 2 жолаушысы қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында жол апатынан жүргізуші мен 2 жолаушы мерт болды

Фото: ашық дереккөз

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 13 сәуірде болған.

«Сағат 17:10 шамасында Атыраудан Ресей Федерациясының Астрахань облысы бағытына қатынайтын жолдың 821-шақырымы тұсында жол апаты тіркелді. Жеңіл көліктің рульінде 1994 жылғы жүргізуші болған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жеңіл көліктегі жүргізуші мен 2 жолаушы оқиға орнында мерт болды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.