Аймақтар • 15 Сәуір, 2024

Атырауда 4 адамды пышақтап кетті, біреуі көз жұмды

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысындағы Мақат ауданында 4 адам пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Жарақат алғанның бірі қайтыс болды.

 

Атырауда 4 адамды пышақтап кетті, біреуі көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға  бүгін, 15 сәуірде болған.

«Мақат аудандық полиция бөліміне 2 адамның жанжалдасып тұрғаны туралы хабар түсті. Ал аудандық ауруханаға 1987 жылғы 4 адам түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Төртеуі де – аталған ауданның тұрғындары. Зардап шеккен адамның біреуі дене жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болды», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір 2003 жылы туған күдікті анықталы. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.