Аймақтар • 06 Сәуір, 2024

Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалды

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында эвакуациялау үшін 15 мың орын дайындалды

Фото: alashorda.kz

Әкім орынбасарының айтуынша, осы кезге дейін Жылыой ауданының 12 мың тұрғыны үш бағыт бойынша – Маңғыстау облысына, Атырау қаласына және Теңіз кен орнындағы вахталық кентіне көшірілді.

«Су тасқынына байланысты тұрғындарды эвакуациялау бүгін де жалғасады. Атырау қаласында эвакуацияланған тұрғындарды қабылдау үшін 5 мың бос орын бар. Теңіз кен орнында эвакуацияланатын тұрғындар үшін бос орындар қоры шамамен 10 мыңды құрайды», деді Бисембиев.