Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
156 материал табылды

Жәдігер • 31 Қаңтар, 2025

Сармат дәуірінің сарқыты

Мұнайлы Атырауда қазына көп. Мұнда баррельмен бағаланатын «қара алтын» ғана емес, есте жоқ ескі заманнан сыр шертер 500-ге жуық сармат обасы да сақталған.

Өндіріс • 28 Қаңтар, 2025

«Қара алтын» өндіретін көшбасшы кәсіпорын

Еліміздегі мол мұнайды игеріп жатқан отандық өндірушілердің көш басында «Ембімұнайгаз» АҚ тұр. Компания тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен басталады. Негізгі бағыты – геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025

Жайық жағалауындағы құтқару стансасы

Атырауда Жайық өзенінің жағалауында құтқару станса­сы ашылды. Жаңа нысанның құрылысы 2,5 айда жедел жүр­гі­зілді.

Аймақтар • 16 Қаңтар, 2025

Мұнайлы шаһардан шекараға дейін

Экономиканың әр саласын өркендетуге оң ықпалын тигізетін саланың бірі – жол. Алайда Атырау қаласынан Ресей шекарасына дейін қатынайтын жолды жаңғырту әлі толық аяқталар емес. Құрылыстың басталғанына 6 жылдан асты.

Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025

Жүйкені жұқартқан желі жаңартылып жатыр

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мұнайлы өңірге келген сапарында электр жарығының жиі сөнетініне назар аударып, «Атырау жарық» АҚ-ның жұмысын сынға алған болатын. «Атырау облысындағы тағы бір өзекті мәселе – электр желісінің тозуы. Оның 40 пайызға жуығы ескірген. Соңғы жылдары аймақта электр қуаты жүйесі дұрыс істемейтін болды. Өңірдегі энергия тапшылығы – шамамен 200 мегаватт. Облыста өзінің электр стансасын пайдаланып отырған кәсіпорындар бар. Бірақ олардың мүмкіндігі шексіз емес. Өнеркәсіп орындары дамып, халық саны көбейген сайын қуат көзіне деген сұраныс артады. Атырау облысының электр энергиясы жүйесін түгел жаңғырту жұмыстарын бастау қажет», деді Президент.

Қоғам • 03 Желтоқсан, 2024

Бақылаусыз қалған балалар

Атырауда балалардың терезеден құлау дерегі азаймай тұр. Мұнайлы шаһарда биылғы қыркүйекке дейін 9 бала көпқабатты үйдің жоғары қабатынан құлағаны тіркелген. Оның ішінде екеуі көз жұмған.

Руханият • 28 Қараша, 2024

Өлеңді аялаған өршіл ақын

Ұлы Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейтін ұлағаты бар. Жанартаудай жасын жырларымен өз үнін, өз бағытын танытқан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, қазақтың аяулы ақыны Фариза Оңғарсынова осы үш қасиетті темірқазықтай берік ұстанды. Қаламгерлігі мен қайраткерлігі қатар өрілген ақын туған елін де, жылы жүрегінен төгілген лағыл өлеңін де аялады. Өзгеге ұқсамайтын талантымен, қайталанбайтын өршіл мінезімен қазақ қыздарының поэзиясын заңғар биікке көтерді.

Экология • 22 Қараша, 2024

Қоршаған ортаға қастық толастамай тұр

Президент наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Атырау облысындағы экология мәселесіне ерекше назар аударған еді. Өйткені 125 жылдан бері мұнай мен газ өндірілетін бұл өңірдің ауасы тазармай тұр. Себеп – қоршаған ортаны ластаудың әлі тоқтамауы.

Жемқорлық • 20 Қараша, 2024

Жемқорлық тыйылмай тұр

Қазақ қоғамының алға басқан адымын тежеп, жұрттың сені­міне селкеу түсіретін жегі құрт – жемқорлық. Қылмыс­тың бұл түрі медицина, спорт, білім, жол және инфра­құ­ры­­лым саласында жиі көрініс береді.

Зерде • 15 Қараша, 2024

Бекет атаның алғашқы жерасты мешіті

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында қазақ жеріндегі таңғажайып мұра – жерасты мешіттерін ерекше атап өткені белгілі. «Батыс аймақта осындай 20-дан аса мешіт бар. Тарихи нысандар әртүрлі кезеңде салынған және бір-бірінен өзгеше. Мұның өзі еліміздің рухани кеңістігінде ерекше дәстүрлер болғанын және тамыры тереңде жатқанын көрсетеді. Біз оның бәрін мұқият сақтап, жер жүзіне танытуымыз қажет. Мен тиісті мемлекеттік органдарға Ұлттық комиссиямен бірлесіп, осы нысандарды ЮНЕСКО мұралары тізіміне қосу жөніндегі жұмысты бастауды тапсырамын», ­деген еді Президент.