Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
79 материал табылды

Спорт • 13 Ақпан, 2025

Азия ойындары: Медаль жауған күн

Қытайдың Харбин қала­сында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарына ел қоржынына кезекті жүлделер түсті. Спортшыларымыз 29 жылдан бері ақ Азиада аламанына тұрақты қатысып жүр. Дегенмен фристайл-акробатикадан алтын медаль бұйырмай келген еді. Осы олқылықтың орнын саңлақтар толтырып, алтын медаль олжалады. Шаңғы жарысынан да қанжығамыз майланып, спортшылар бір алтын, бір күміс медаль иеленді.

Сұхбат • 12 Ақпан, 2025

Қазақ тазысының 3 мың жылдық тарихы бар - Абзал Досыман

Биылдан бастап 3 қыркүйек елімізде Тазы мен төбет күні ретінде ресми бекітіліп, мерекелік күндер тізіміне енгізілді. Жеті қазынаға балаған ұшқыр тазы тұқымының жойылып бара жатқаны жөнінде мамандар, тазы өсірушілер дабыл қағып, мәселе көтерген еді. «Номад» ұлттық аңшылық клубы» қоғамдық қоры мүшесі Абзал ДОСЫМАНМЕН кинология саласындағы түйткілді мәселелер төңірегінде ой қозғап, сұхбат құрған едік.

Спорт • 11 Ақпан, 2025

Азия ойындарындағы тарихи алтын

Бұл күнде Қытайдың екі қаласында төрткүл дүниенің де назарын өзіне аударған ІХ қыс­қы Азия ойындары өтіп жатыр. Спорт­шы­лары­мыз ақ Азияда аламанына 1996 жыл­дан бері тұрақты қатысып келеді. Елден аттанарда саңлақтарға жалпы есепте төртікті түйіндеу міндеті жүктелді. Әзірге сенімге селкеу түскен жоқ. Шорт-трек спортынан 30 жылдан бері бұйырмай келген қысқы Азия ойындарының алтын медалі алғаш рет қанжығамызға байланды.

Спорт • 07 Ақпан, 2025

Кітапты серік еткен саңлақтар

«Менің жарысқа барарда арқама асып алатын жол дорбамның түбінде үнемі кітап жүретін. Кітаппен бала күнімнен дос болдым. Әр шығарма кейіпкерінің жақсы қасиетін бойымызға сіңіруге ұмтылдық. Біздің буынның кітап оқуға деген ынтасы жоғары болды. Әдеби кітаптарды баспадан шығып, сиясы кеппей жатып-ақ пышақ үстінен талап әкететін», деп еді Мәскеу Олимпия ойындарының чемпионы, әлем чемпионатының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров бір сұхбатында. Жақсылық балуанның жеңісті жолын жалғап келе жатқан бүгінгі толқынның кітаппен достығы қай деңгейде? Ел спортының даңқын асырып жүрген саңлақтарды сөзге тартқан едік.

Сұхбат • 06 Ақпан, 2025

Жаңа заң спортқа серпін береді - Ербол Мырзабосынов

Жуырда Мәжілісте «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданып, Сенатқа жолданды. Туризм және спорт министрі Ербол МЫРЗАБОСЫНОВПЕН сұхбатымыз осы заң аясында ен­гі­зілетін талап, спортты өрістетудің басым бағыттары төңірегінде өрбіді.

Спорт • 04 Ақпан, 2025

Сайыс жалғасын тапса игі

Бұқаралық спорттың тамырына қан жүгіртетін, саламаттылықты насихаттайтын бірден-бір бағыт – ел ішінде түрлі деңгейдегі турнирлерді көптеп ұйым­дастыру. Жас санаты бойынша түрлі доданы жиі өткізу арқылы да халықтың спортқа деген ынтасын арттыруға болады.

Қоғам • 01 Ақпан, 2025

«Қазақстан халқына»: үзілген үміт жалғанады

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 11 қаң­тар­да әлеуметтік саланың әлеуетін нығай­ту мақсатында «Қазақстан халқы­на» қорын құруды тапсырды. Үш жыл ішін­де қор бірқатар игі істі жүзеге асырды. Шарапаты шалғай жатқан аудан, ауылдардағы ел азаматтарына тиюі керек ілкімді жобаның жоспары айқын әрі ашық.

Қоғам • 29 Қаңтар, 2025

Өндірісте оқыс жағдай азайды

Былтыр өндіріс кезіндегі жазата­йым­ оқиғадан 1048 жұмыс­кер зардап шегіп, 202 адам қайтыс болды. Елдің ең қым­бат құндылығы саналатын адам өміріне өндірісте төнетін қатер 2023 жылмен салыстырғанда сәл де болса, азайды.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2025

Қарғын суға жан-жақты дайындық

Былтыр көктемгі су тасқыны ел ішін қатты әбігерге салды. «Қырсық қырық есіктен қатар енеді» дегендей, қыстай қалың түскен қардың көбесі бірден сөгіліп, сай-саланы қуалаған қызыл судың ырық бермей кетуіне себепкер болды. Мамандар айтып келмейтін апат биыл да бас көтеруі мүмкін екенін айтып, дабыл қағып жатыр.

Спорт • 25 Қаңтар, 2025

Туриннен табысты оралды

Италияның Турин қа­ласында ХХХІІ дүние­жүзілік Қысқы Уни­вер­сиада ойындары аяқ­талды. Ел үмітін арқа­лаған спортшыларымыз дүбірлі додадан 14 медаль олжалап, жалпы есепте 12-сатыға тұрақтады. Он күнге ұласқан қысқы аламанда елімізден ат­­танған 103 спортшы 11 спорт тү­рінен додаға қосылып, 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль иеленді.