
Руханият • 19 Сәуір, 2025
Журналистиканың өз заңы, өз жолы, өз биігі бар. Бұл жол ең әуелі ұстаздың жүрегінен басталады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ерекше кездесу – соның дәлелі. Журналистика факультетінің негізін қалаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашұлының 75 жасқа толуына әрі факультеттің жеке құрылым болып қалыптасқанына 15 жыл болуына орай ұйымдастырылған еркін кездесу өтті.
Қоғам • 18 Сәуір, 2025
Түбіртек талап етудің астарында не бар?
Қазір тауар сатып алсақ, көбіне түбіртек талап етпейміз. Ұсынып жатса да, алмай кететіндер бар. Бір маңызды дүниені ұқпай жүргендейміз, сатушыдан түбіртек сұрау – әділетті экономиканың кілті.
Қоғам • 16 Сәуір, 2025
Зейнетке шығарда нені ескеру керек?
Зейнетке шығу – жай рәсім емес, ол өміріңіздің жаңа кезеңіне бастар маңызды қадам. Сондықтан оған алдын ала дайындалу керек.
Салық • 16 Сәуір, 2025
Салық есептерінің көлемі қысқармақ
Мәжіліс Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бизнеске тыныс, бюджетке табыс әкелетін жаңалық біршама. Енді кәсіпкерлердің қағазбастылығы 30%-ға қысқарады. Ал салық органдары кеңесші рөлін атқарып, айыппұл салудан бұрын ескерту жасайды. Арнаулы салық режіміне қолжетімділік кеңейіп, B2C саласындағы шағын бизнеске нақты жеңілдіктер ұсынылды. Осындай өзгерістер бюджетке қосымша 5 трлн теңге кіріс әкеледі деген үміт бар.
Сұхбат • 15 Сәуір, 2025
Серікбек ДӘУКЕЙ: Геология – стратегиялық сала
Геология, минералды ресурстарды игеру ғылымдарының докторы, академик Серікбек Дәукей ғылым мен өнер қиылысындағы геологияны «поэзия» деп атап, өмірін жер қойнауындағы құндылықтарды зерттеуге арнаған жан. Үш мәрте министр болып, Ұлттық ғылым академиясын басқарды. Жақында майталман маманмен сұхбат құрудың сәті түсті.
Өнер • 14 Сәуір, 2025
Ауғанстан. Қан майдан. Жан-жақта атылған оқ, жарылған снаряд. Өлім мен үрей. Бірақ сол сұмдықтың арасынан кенет басқа бір үн естіледі…
Қоғам • 08 Сәуір, 2025
Қазақ қоғамында салтанатты іс-шаралар – өмірдің ажырамас бөлігі. Қыз ұзату, үйлену тойы, шілдехана, мерейтой, жаназа секілді рәсімдер дәстүрлі мәдениетіміздің терең қабатынан тамыр тартады. Алайда кейінгі жылдары бұл салт-дәстүрлер мәдени құндылық қана емес, үлкен қаржылық ауыртпалық көзіне айналды. ҚБТУ түлегі, экономикалық зерттеуші Дарина Мамырова осы тақырыпты терең зерделеп, «ұят болмасынның» қанша теңге тұратынын анықтапты.
Маман • 05 Сәуір, 2025
Геология саласының бүгіні мен ертеңі
Экономиканы дамыту негіздерінің бірі саналатын геология саласын жаңа деңгейге шығару үшін қаржыландыруды арттыру, ғылыми зерттеулерді күшейту, кадр мәселесін шешу және озық технологияларды енгізу заман талабы болып отыр.
Банк • 03 Сәуір, 2025
Банк карталарын бақылау күшейеді
Елімізде банк карталарын рәсімдеу ережелері күшейеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) қаржы пирамидалары мен заңсыз ақша айналымына қарсы жаңа шектеулер енгізбек. Енді картаны онлайн ашу қиындайды, ал күмәнді транзакциялар мұқият бақыланады.
Қоғам • 03 Сәуір, 2025
Жалақыдан қанша пайыз ұсталады?
– Еңбек етіп, табыс табатын әрбір адам өзінің жалақысынан қандай да бір төлемдер ұсталып жатқанын әрі бұл төлемдердің не үшін алынатынын түсінуі керек.