Елігімай ТӨҢКЕР
Елігімай ТӨҢКЕР«Egemen Qazaqstan»
172 материал табылды

Қаржы • 21 Қаңтар, 2025

Ұлттық қор: меже мен мүмкіндік

Ұлттық қор – ел болашағының қаржылық іргетасы. Былтыр сәуірде Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы жария­лап, сол уақытқа дейін Ұлттық қор активтерін 100 млрд долларға жеткізу мақсатын көздеген болатын. Сол межеге жетуге бес-ақ жыл қалды, ал бүгінгі ахуал­дан мұндай биікке көтерілу жолы бұлыңғыр көрінеді.

Қаржы • 18 Қаңтар, 2025

Базалық мөлшерлеме өзгермеді

Ұлттық банктің Ақша-несие саясаты комитеті базалық мөлшерлемені бұрынғы 15,25% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Қазір елдегі жылдық инфляция деңгейі – 8,6%. Негізгі мақсат – 5%-ға төмендету.

Салық • 17 Қаңтар, 2025

Салық жүйесі қайтсе сапаланады?

Былтыр Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің салық жүйесін жаңғырту қажеттілігіне баса назар аударған-тұғын. Президенттің пікірінше, жаңа Салық кодексі экономиканы тұрақты дамытудың, іскерлік белсенділікті арттырудың әрі салықтық әділеттілік қағидаттарын енгізудің маңызды құралы болмақ. Одан бөлек, салық жүйесін цифрлан­дыру, жоба-жоспарын реттеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде жаңа Салық төлеушінің кабинеті бар.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2025

Жалақыны көбейтудің жолы қандай?

Биыл 1 қаңтарда бастап елімізде салық шегерімде­ріне қатыс­ты жаңа өзгерістер күшіне енді. Енді отандастарымыз ипотекалық несие, медициналық қызмет және білім алу шығыны аясындағы салық шегерімдерін кеңінен пайдалана алады. Бұл жаңалық салық төлеушілердің қаржылық жүктемесін азайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түседі.

Инфляция • 16 Қаңтар, 2025

Инфляцияны икемге келтіре аламыз ба?

Жыл басталмай жатып-ақ теңге мен доллар қатынасы қайта ушықты. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың қарқынды жүруі көп нәрсені аңғартса керек. Теңге құнсыздана түссе, бұл ішкі нарықтағы баға саясатына кері әсер етпек. Сонымен қатар Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі салдарынан рубль әлсіреп, теңгеге қысым жасауы ықтимал.

Сараптама • 01 Қаңтар, 2025

Мүмкіндігі мол уақыт

Құндылығы қым-қиғаш, үміт пен үрей арпалысқан уақытта өмір сүріп жатқаны­мыз­бен, боса­ға­мыздан аттаған жаңа жыл­­дан тек жақсылық күтетініміз анық. Атақты «The Black Swan» кіта­­бының авторы Нассым Талеб «Жүйе кез келген қателікті қайта-қайта жасайтын болса, құрдымға кетеді» дейді. Осы ойдың орамында «Біз өткен жылдан қандай сабақ алдық?» деген сұрақ туады. Былтыр экономи­­­­камыз біраз сынақты өткерді. Мүм­­­кіндігі де, тәуекелі де көп болды. «Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарыл­қасын» деген игі тілекпен, алдағы жылға арт­қан үміт пен түзген жос­парымызды саралап алсақ.

Қаржы • 25 Желтоқсан, 2024

Елімізде зейнетақы өседі

Президент тапсырмасына сәйкес, алдағы 2 жылда зейнетақы мөлшері 1,7 есе өсуі керек. Сол себепті, мемлекет жаңа жылдан бастап төлемдерді қайта қарастырып, индексация жүргізуді жос­парлап отыр. Келер жылы зейнетақы мөлшері 8,5%-ға өспек.

Еңбек • 24 Желтоқсан, 2024

Еңбек үдерісіне – ерекше қамқорлық

Атырау облысында «ҚазТрансОйл» АҚ еншілес ұйымына қарасты «Аман» мұнай айдау стансасында III (үшінші) іске қосу кешені пайдалануға берілді.

Экономика • 20 Желтоқсан, 2024

Қазынамыз неге ортайды?

Биылғы 11 ай ішінде мемлекеттік бюджет кірісі 2 трлн теңгеге азайып, Үкіметтің ме­желі жоспары орындалмады. Ел қазынасына 3,5 трлн теңге салық түспей қалды. Кейінгі жылдары жоспар орындалмай, тапшылықтың туындауы қалыпты әдетке айналып келеді. Себебі неде?

Қаржы • 18 Желтоқсан, 2024

Теңге бағамы құбылып тұр

Ең үлкен қауіп – қауіптің бар екенін сезбеу. Ал қаржы секторы сергелдеңге көп түседі. Сондықтан бұл салада болжам мен бағам жиі жасалады. Жыл соңына таман кезекті шолуын жариялаған Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) келер жылы кедергі көп болуы мүмкін дейді. Негізгі тәуекел мұнай бағасының төмендеуі мен сыртқы нарықтағы өзгерістен туындауы ықтимал. АҚШ-та тақтатас мұнайын өндірудің ұлғаюы, ОПЕК+ елдерінің жаңа келісімдері елдегі шикізат бағасына әсер етпек.