Taza.kz
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
116 материал табылды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Ақпан, 2026

Талап пен тәжірибе

Былтыр жыл соңында Ақтөбедегі «Энергосистема» ЖШС Оқшаулау, қорғау және сынақтар қызметінің 5-разрядты кабельші-жүргізушісі Айтжан Ысқақ ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Бұл бір жағынан, осы салада үзіліссіз 35 жыл қызмет атқарған қарапайым еңбек адамына көрсетілген ерекше құрмет болса, екінші жағынан, өңірлік мекеме тарихында Мемлекет басшысының қолынан жоғары мемлекеттік награда алған тұңғыш маман ретінде есте қалды.

Мирас • 07 Ақпан, 2026

Жас жыршылар «Қырымның қырық батырын» жырлады

Облыстық халық шығармашылығы орталығында ақтөбелік жас жыршылар «Қырымның қырық батыры: ерлік пен елдік дастаны» атты кеште өнер көрсетті.

Бизнес • 04 Ақпан, 2026

Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?

Ақтөбе облысында табысты жұмыс істеп келе жатқан шағын және орта бизнес нысандарының саны бүгінде 80 мыңнан асты. Жылма-жыл жеке кәсібін бастағандар қатарының артуына түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие­лер мен грант қаражаттарының көбеюі де себепші болды.

Аймақтар • 31 Қаңтар, 2026

Барқында тұқым жинау басталды

Ойыл орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мамандары Барқын құмында қаңтар-ақпан айларында қарағай бүршіктерін жинайды. Қанар қапшықтарға толтырылған бүршіктер жылы жерде кептіріліп, арасынан қанатша пішіндес дәндері іріктеледі.

Білім • 29 Қаңтар, 2026

Оқу ошақтары қайта жаңартылады

Ақтөбе облысында білім беру ұйым­­дарын қайта жаң­арту жұ­мы­с­­тары үздіксіз жүріп жатыр. Солардың бірі – 60 жылдан астам тарихы бар Ақтөбе құры­лыс-техникалық колледжі. 

Экономика • 21 Қаңтар, 2026

Қой жүнінен – құрылыс материалы

Ақтөбе облысында қой жүнін терең өңдеп, құрылысқа қажетті жылу-оқшаулағыш материалдарын шығаратын «KazFeltec» ЖШС жұмысын бастады. Бұл – тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың құрылысына табиғи таза өнімнен экологиялық сапалы өнім шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорындардың бірі.

Өнер • 13 Қаңтар, 2026

Күй күмбірлеп, ән әуеледі

Ақтөбедегі «Өнер орталығында» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, сазгер, дирижер Нүркен Әшіровтің шығармашылық кеші өтті.

Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025

Әлеуметтік бағдарламалар мүмкіндігі

Ақтөбе облысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында азаматтарға кәсіби бағдар беру, кәсіптік оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында байланыс орнатуға басымдық берілді.

Жәдігер • 30 Желтоқсан, 2025

Досжан ишан мешіт-медресесінен табылған өрнектер

ХІХ ғасырдағы діни-сәулеттік ескерткіштердің бірі – Досжан ишан мешіті Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінің оңтүстік-батысында орналасқан. 1880–1890 жылдары қам кірпіштен (саманнан) салынып, одан беріректе қараусыз қалып, жауын-шашын мен желдің әсерінен желкенді күмбездері, жоғарғы қабырғалары қирап, үйінді топырақтың астында қалған қасиетті орынды қарттар күні бүгінге дейін «Ишан төбе», «Досжан ишан қыстауы» деп қастерлеп келді.

«Таза Қазақстан» • 25 Желтоқсан, 2025

Мәдениет пен тәртіптің үйлесімі

«Таза Қазақстан» эколо­гиялық акциясы Ақтөбе облысында бірнеше ба­ғытты қамтыды. Ерте көктемнен бастап күздің соңына дейін су ны­сан­дарының жаға­лау­лары, көшелер мен елді ме­кен­дердің айналасы, мекемелер мен әлеуметтік нысандар тазартылып, гүлзарлар мен саябақтар абат­тандырылды.

Яндекс.Метрика