Өнер • Кеше

Күй күмбірлеп, ән әуеледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбедегі «Өнер орталығында» Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші, сазгер, дирижер Нүркен Әшіровтің шығармашылық кеші өтті.

Күй күмбірлеп, ән әуеледі

Елімізде ғана емес, халықаралық сахналарда дәстүрлі музыканы насихаттап жүрген өнер иесі сахнаға А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі шықты. Концерт соңында Нүркен Нұрғалиұлы аталған оркестрдің көркемдік жетекшісі болу ұсынысын қабыл алғаны белгілі болды. Мұның өзіндік себебі де бар. Биыл көрнекті композитор, дирижер, музыкатанушы ғалым, ұстаз Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толады. Осы айтулы датаға орай Нүркен Нұрғалиұлы Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония құрамындағы А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің репертуарын жаңартуға күш салып, ұжымның кәсіби орындаушылық деңгейін күшейтеді деген сенім бар.

Концерт соңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Юнисова облыс әкімі Асхат Шахаровтың құттықтау хатын оқып берді. Өңір басшысы ұлттық өнер сабақтастығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып жүрген талант иесінің Ахмет Қуанұлы туған топырақта дәстүрлі өнерді жаңаша өркендету ықыласына ризашылығын білдірген. Ақтөбеліктер екі сағаттан астам уақыт тапжылмастан қазақтың күйлері мен дәстүрлі әндерін тыңдап, домбыра, қобыз, сазсырнай үндеріне құлақ түрді. Кәсіби деңгейде өткен концертке Нүркен Әшіровпен бірге Рамазан Стамғазиев, Арман Жүдебаев қатысып, көрермендердің ықыласына бөленді.

 

Ақтөбе облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15