
Таным • 23 Тамыз, 2024
Сіз білесіз бе? Сақ патшайымы – Зарина
Грек тарихшысы Ктесий: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді», деп жазба қалдырған. Сондай жауынгер әйелдердің бірі – Зарина. Ол – сақ патшасының қызы, Мермер қолбасшысының әйелі, Роксанаки қаласының билеушісі. Бұл қала Сырдария жағалауында, кейіннен Сығанақ қаласының іргесі қаланған аймақта орналасқан.
Марапат • 23 Тамыз, 2024
Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 халықаралық өнер байқауында бірден жеті жүлдеге ие болды.
Таным • 23 Тамыз, 2024
Ғалам ғажаптары: Тасбақаға ғашық көбелек
Тасбақа да жылайды. Амазонканың тропикалық ормандарында өте қызық құбылыс кездеседі: көбелектер тасбақалардың көзінің жасын ішеді. Осылайша, қанатты жәндіктер ағзаларын қажетті минералдарға толтырады. Тасбақалар мен көбелектердің бұл байланысын Тамбопата ұлттық саябағындағы зерттеу орталығының қызметкері Фил Торрес түсіндіреді.
Таным • 23 Тамыз, 2024
Адам ақыл ойы мен төлтума болмысының қат-қабат қыртысы сөзсіз пәлсапалық, індете қазсақ, этикалық және моральдық категорияларымен таным таразысына тартылады. Америкалық жазушы Дэниел Киздің 1966 жылы жарық көрген «Алжернонға арналған гүл» («Flowers for Algernon») романында наубайханада тазалықшы болып жұмыс істейтін отыз екі жастағы ақыл-есі кем Чарли Гордонның оқиғасы баяндалады. Ол интеллектуалдық деңгейін көтеру тәжірибесіне өз еркімен қатысады. Ондағы мақсаты – өзінің мақтауға лайық бола алатынынотбасы мен айналасындағы адамдарға дәлелдеу.
Таным • 21 Тамыз, 2024
Бүгін – Халықаралық дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу күні. Оны 2019 жылдың мамырында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен болатын.
Қоғам • 20 Тамыз, 2024
Абай күні жыл өткен сайын жаңғырып, жаңа сипатта тойланып келеді. Әсіресе бұл мерекенің жастар арасында маңызы арта түсті. Соның бір дәлелі – елордада өткен «Dombyra party» атты әдеби-сазды кеш. Онда хакімнің әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Жобаның көңіл сүйінер ерекшелігі, ақын шығармашылығына қатысты челлендж 10 тамыздан бастап әр апта сайын жалғасып отырады. Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Сарыарқа ауданы әкімдігінің ыждағатымен жасалған бұл іс-шара ерке Есілдің жағасында, ашық аспан астында ұйымдастырылды.
Таным • 15 Тамыз, 2024
Сіздің басыңызда мынадай жағдай міндетті түрде болған деп есептеймін. Ал егер болмаса, күндердің күнінде алдыңыздан шығуы бек мүмкін.
Абай • 13 Тамыз, 2024
Осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысының ыждағатымен 10 тамыз «Абай күні» деп бекітіліп, мерекелер қатарына қосылды. Бұл күні еліміздің әр түкпірінде хакімнің мұрасы жан-жақты насихатталып, ән-жыры шырқалады. Мәселен, Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Адамзаттың Абайы» атты ауқымды іс-шара өтті.
Форум • 08 Тамыз, 2024
Орталық Азия тарихшыларының форумы
Астанада «Орталық Азия тарихы: халықтар мен мәдениеттер арасындағы диолог» атты Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының І форумы өтті. Ғылыми мәжіліске елімізбен қатар Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекетінің 60-қа жуық тарихшы ғалымдары қатысты. Форум жұмысы үш панельдік сессия аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ кітап және мұрағат көрмелері, оның ішінде XVI-XIX ғасырлардағы Қазақ хандығы айқындалған еуропалық және америкалық карталар көрмесі ұсынылды.
Мәдениет • 03 Тамыз, 2024
1508 жылдың көкек айында Папа Юлий Микеланджелоны Римге шақырады. Дінбасы оған шіркеуге күрделі әрі таңғажайып фреска салуды ұсынады. Микеланджело одан бас тартпақ болады. Себебі оған Құдайдың әлемді жарату кезеңін бейнелеу керек-тұғын. Адам ақылы жетпейтін әрі тәңірлік тылсымға толы дүние болған соң мүсінші жүрексінеді. Бірақ Юлий «Әгараки бас тартсаң, туған қалаң Флоренцияға әскер жіберемін», деп доқ көрсетеді. Амалы қалмаған Микеланджело «Сикстин капелласының» төбесін безендіруге кіріседі.