Қазақстан • Бүгін, 14:45

Отандық өндірушілерге ұлттық режим беріледі

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында мемлекеттік сатып алулар мақсатында тауарлардың шыққан елін анықтау қағидаларына 11-қосымшасын алты жаңа тауар позициясымен – медициналық және химиялық бұйымдармен толықтыру туралы шешім мақұлданды. Бұл шешім – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) тауарлары ретінде танылатын өнімдер тізбесін кеңейтуге және тиісінше, Одақтың барлық мүше мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде оларға ұлттық режим беру мақсатында қабылданды. Бұл тауарлар шыққан елін растайтын СТ-1 сертификаты болған жағдайда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық өндірушілерге ұлттық режим беріледі

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, маңыздысы, бұған дейін Ресей тарапы мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін тауарлардың шығарылған елін анықтау өлшемшарттарына сәйкес келетін жекелеген өнеркәсіптік тауарларға рұқсат беретін қаулы қабылдаған болатын. Атап айтқанда, тауарларды Ресей Федерациясы аумағында қайта өңдеудің жекелеген операцияларын жүргізу, өндірілетін тауарлардың ресейлік тізілімде болуы және т.б.

Осылайша, СТ-1 сертификаты бар Қазақстан өндірушілері тендерлерге жергілікті жеткізушілермен тең жағдайда қатыса алады, бұл өнімдерді өткізуге және нарықты кеңейтуге толық қолжетімділік береді.

Бұл шешім Қазақстанның ЕАЭО аясындағы белсенді ұстанымы мен жұмысының нәтижесі болып табылады және еліміздің Одақтағы экономикалық мүдделерін ілгерілетуге бағытталған.

Бүгінде шығарылған елі СТ-1 сертификатымен расталатын тауарлар тізбесі 309 атауды қамтиды (тауарлардың толық тізбюесімен Комиссияның ресми сайтында танысуға болады: eec.eaeunion.org).

Аталған шешімді түпкілікті бекіту үшін жуырда Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) Кеңесінің қарауына ұсынылатын болады.