Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
152 материал табылды

Тарих • 01 Қазан, 2025

Мәншүк Мәметованың ата-анасының суреті жарияланды

Ғұмыры кербестінің кекіліндей қысқа болғанмен, ерлігімен еліне нұсқа бола білген қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк Мәметова. Отанын оқтан қорғап небәрі 21 жасында опат болған қаршадай қыздың тағдыр тауаны тістескен тамыр сияқты шытырман һәм шырғалаң. Ұлттық баспасөз батыр Мәншүкті назарынан тыс қалдырған емес. Соның ішінде ел газеті «Egemen Qazaqstan» пулеметші қызға қатысты тың деректерді тұрақты жариялап тұрды. Басылым тігінділерін ақтарып отырып 1992 жылдың 6 маусымында шыққан нөмірге көзіміз түсті. Құнды мұра құмсағат уақыттың құрсауында құмығып қалмас үшін, жазылған жайдың жаңғырығы ретінде оқырман назарына қайта ұсындық.

Баға • 29 Қыркүйек, 2025

Қазаннан бастап не қымбаттайды

Қазан айында отандастарымызды біраз өзгеріс күтіп тұр. Бұл жолы қымбатшылық бірнеше салада байқалады. Жарық пен жылу бағасы өсіп, жанармай қымбаттап, несие алу қиындауы мүмкін. Тіпті шетелге, әсіресе Мысырға барудың өзі қосымша шығынды талап етеді, деп жазады Egemen.kz.

Өндіріс • 28 Қыркүйек, 2025

Көлік өндірісі: жаңа жобалар және тұтынушы таңдауы

Елімізде көлік жасау өнеркәсібі соңғы жылдары қарқынды дамып, экономиканың маңызды драйверіне айналды. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеке инвестициялардың нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, автомобиль құрастыру көлемі жылдан жылға артып келеді. Сала министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, биыл жаңа өнім шығару және зауыттарды жаңғырту бойынша 20-дан астам жоба жүзеге асырылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылған. Соған орай көлік жасау ісінің жетекші зауыттардың бірі Hyundai Trans Kazakhstan өндірісінің жемісі мен жетістігін, жоба мен жоспарын сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz,

Қоғам • 26 Қыркүйек, 2025

Суицид туралы грек ойшылдары не дейді?

Өз-өзіне қол салу – ежелден-ақ адамзат ойшылдарын толғандырған ауыр тақырып. Грек ойшылдары Платон мен Аристотель бұл мәселеге жай ғана жеке адамның таңдауы ретінде емес, жанның мәңгілігіне, әділет заңына, мемлекет алдындағы жауапкершілікке байланысты қараған. Қадірлі оқырман, адамзат санасына ересен еңбек еткен екі философтың осы мәселе төңірегіндегі салмақты ойларын жинақтап, назарларыңызға ұсындық.

Әдебиет • 26 Қыркүйек, 2025

«Шефтің» шешімі

«Болмысымның бөлекше, тіпті біртүрлі қасиеті бар: бейтаныс адамдар мені жаңа ғана бір жерде көргендей әсерде жүреді». Бұл неміс барлауында жүрген Сергей Исаевтың яки Штирлицтің Юлиан Семенов жазған «Көктемнің он жеті сәті» романындағы лепесі. Расында қылмыс айналасында жүрген адамның қашанда келбеті күңгірт, әрекеті үстірт. Ал ол көркем шығарма кеңістігіне түскен кезде болмысы тіптен күрделеніп, дамыған драматизм арқылы оқырманды оқиға желісіне тартып отырады. Жазушы Алпамыс Бектұрғановтың «Шеф» атты романы да қазақ детектив жанрына қосылған жаңа туынды.

Өнер • 23 Қыркүйек, 2025

Өнерсіз өмір мүмкін бе?

Адам жанының көркем өнімі саналатын өнер атты құбылысқа заман ойшылдары әртүрлі анықтама берген. Аристотель үшін өнер – еліктеу болса, Толстойша, адам өмірінің қажетті шарты. Ал Қорқыт бабамыз ажалды өнер арқылы жеңуге талпынған. Не де болса өнердің өмірімізде алатын орны ерекше. Ол бұрын да солай болған, қазір де сол қалпынан ажыраған жоқ. «Қазір» дегеніңіз  бір қолын өткенге, бір қолын келешекке сүйейтіндіктен, өнердің арғы замандағы маңызы мен келешектегі келбеті хақында танымдық барлау жасау мәдениетті қоғамның мәйекті тақырыбы деп санаймыз.

Ән • 22 Қыркүйек, 2025

«Абай арманы» нотаға түсті

Дүниені танудың тармағы көп, соның бірі – әуен арқылы әлемге үңілу. Хакім Абайдың ғаламшарына бұл жолы музыка кемесінің зерттеушілері келіп қонды. Француздың көрнекті композиторы Пьер Тиллуа «Абай арманы» атты шығарма жазып, ақын әлемінің көркемдік кеңістігіне бойлады. Саз бақшасы мен сөз патшасының үйлесімі «Қазақконцерт» сахнасында көрініс тапты.

Заң мен Тәртіп • 19 Қыркүйек, 2025

Авторлық құқық жүйесі талқыланды

Қазір ақпарат айдынындағы мәтін, фотосурет, бейнематериалдар көз ілеспес жылдамдықпен жаһанға жайылады. Бұл жағдай журналистер мен редакциялардың алдына авторлық құқықты сақтау жауапкершілігін жүктейді. Сондықтан заңгер, PhD Рамазан Көкжал «Қазақ газеттері» серіктестігің шаңырағына келіп «Журналистикадағы авторлық құқық» тақырыбында БАҚ өкілдеріне дәріс оқыды.

Дін • 19 Қыркүйек, 2025

Шейх Әл-иса: Палестиналықтардың тағдырына саясат ықпал етті

Астанада VIII Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өз жұмысын аяқтады. Екі күнге созылған бұл маңызды халықаралық жиында әлемнің түкпір-түкпірінен келген діни қайраткерлер, саясаткерлер мен сарапшылар бейбітшілік, толеранттылық, өзара құрмет және қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін талқылады. Форумға қатысқан беделді тұлғалардың бірі - Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысы, шейх Мұхаммед бен Абдулкарим әл-Иса. Ол съезд аясында қазіргі әлемдегі дін лидерлерінің жауапкершілігі мен бейбітшілікті ілгерілетудегі рөлі туралы өз пікірін білдірді.

Егемен Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2025

«Егемен» не деген? 18 қыркүйек, 1990 жыл.

Жасанды интеллектінің кернеуі күннен күнге күшейгенімен, жылдар арасында жылжытып отыратын уақыт машинасы әлі жасалған жоқ. Сондықтан ілгері замандағы ілкімді ізденістер мен өзекті өзгерістерді гаджеттен емес, газеттен қарауға тура келеді. Әсіресе, халықтың дәл сол кездегі хал-ахуалын БАҚ айнасы анық көрсетеді. Хош, осыдан 35 жылға кейін шегініп көрейікші.