Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1845 материал табылды

Өнер • 05 Ақпан, 2026

Шерхан Мұртаза – Колбин – Гамлет

1989 жыл. Алматыдағы Жастар театрында премьера. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмасы қойылады. Режиссері – Райымбек Сейітметов. Спектакльдің афишасы іліне салысымен кассада билет қалмады. Замана зобалаңын сахнадан көреміз деген халықтың ынта-ықыласында шек болған жоқ. Әртістер дайындалып жүр. Бірақ басшылықтың уайымы басқада еді. Өйткені премьераға бірінші хатшы Генадий Колбиннің өзі келе жатыр...

Қоғам • 04 Ақпан, 2026

Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады

Мәжіліс еңбек қатынастарын нақтылауға және қызметкерлердің құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Құжат жұмыс берушілердің азаматтық-құқықтық шартты еңбек қатынастарының орнын алмастыру құралы ретінде қолдануына шектеу қояды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 04 Ақпан, 2026

«Таза Қазақстан» жаңа Конституцияның өзегіне айналмақ

Елімізде экологиялық сананы қалыптастыру жоғары білім беру жүйесінің маңызды бағытына айналып отыр. Бұл ұстаным жаңа Конституция жобасында да көрініс тапқан. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова экологиялық ойлау принциптері жастар тәрбиесі мен адами капиталды дамытуға тікелей әсер ететінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Ата заң • 04 Ақпан, 2026

Заңгерлер жаңа Конституцияның тұжырымдамасын талқыға салды

Елордада өткен сараптамалық басқосуда заңгерлер қауымы Қазақстанның жаңа Конституция жобасын жан-жақты қарастырып, құжаттың қоғам сұранысына сай келетін тұжырымдамалық бағытын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Экономика • 04 Ақпан, 2026

Экономикалық қылмысқа қатысы барлар тізімге алынады

Енді елімізде экономикалық қылмысқа қатысы бар адамдар мен компаниялар арнайы тізімге енгізіледі. Қаржылық мониторинг агенттігі осыған қатысты жаңа тәртіп әзірлеп, оны «Ашық НҚА» порталында жариялады. Бұл бастама қаржы-құқық саласындағы ашықтықты арттыруға және кәсіпкерлік ортадағы тәуекелдерді азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 04 Ақпан, 2026

Салық берешегі қай межеден асса, есепшот бұғатталады?

Мемлекеттік кірістер комитеті салық берешегіне байланысты қандай жағдайда банктік шоттар бұғатталатынын нақтылады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жаңа Салық кодексі аясында дифференцияланған тәсіл енгізіліп, шағын қарыз үшін бизнес пен азаматтардың қызметін бірден шектеу тәжірибесі тоқтатылған, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 04 Ақпан, 2026

Отандық электробустар Пәкістанға жол тартты

Пәкістан Қазақстанда өндірілген 600 электробусты сатып алады. Жалпы құны 108 млн долларды құрайтын бұл келісім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Исламабадқа ресми сапары аясында жасалып, екі ел арасындағы ең ірі өнеркәсіптік келісімдердің біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.

Шаруашылық • 04 Ақпан, 2026

Ауыл шаруашылығы саласында білікті маман неге жетіспейді?

Ауыл шаруашылығы саласына білікті кадр даярлау ісі жүйелі өзгерістерді талап етеді. Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин агротехникалық колледждердің қазіргі ахуалына қатысты депутаттық сауал жолдап, материалдық-техникалық базаның әлсіздігі мен оқытудың формалды сипатын сынға алды, деп жазады Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 04 Ақпан, 2026

Жұлдыз Сүлейменова: Жаңа Конституцияда табиғатты қорғау қағидаттары айқындалды

Экологиялық ағарту мен табиғатты қорғау қағидаттары жаңа Конституция жобасында нақты бекітілді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында экологиялық құндылықтарды білім беру жүйесіне терең енгізу жұмысы күшейтіліп келеді. Бұл бағыттағы ұстанымдар жаңа Конституция жобасында да айқын көрініс тапқан. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Әлем • 04 Ақпан, 2026

Нобель көрмесі: Демократияға төнген қатер Венесуэла мысалында көрсетіледі

Нобель бейбітшілік сыйлығы аясында ұйымдастырылатын биылғы көрме әлемде демократияға төнген қатерлерді талдауға арналып отыр. «Democracy on the Brink» атты экспозиция Венесуэладағы саяси үдерістерді мысалға ала отырып, демократияның жаһандық деңгейде әлсіреуін және авторитарлық үрдістердің күшеюін көрсетуді мақсат етеді, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика