
Медицина • 24 Маусым, 2025
Ауыл емханасы кадрмен толығып жатыр
Адам жанының арашашысы саналатын дәрігер мамандығы – қай кезде де қадірлі, қай заманда да жауапкершілігі зор. Әсіресе, шалғайдағы ауылдарға білікті маман тарту – кезек күттірмейтін маңызды міндет. Соңғы жылдары елімізде осы бағытта жүйелі жұмыс атқарылып, нақты нәтижелер көріне бастады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Фемида немесе сот ісінің соқпағы
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адамзат ақыл-ойының аламанында грек жұртының алған бәйгесі аз емес. Олай болатын себебі Сократ, Аристотель, Платон секілді саңлақ санаткерлерінің санасын қалыптастырған мифологиялық түсінік біздің дәуірде де маңызын жоғалтқан жоқ. Жаһанға жарық сыйлаушы алапатты Аполлон, сұлулық пірі айдидарлы Афина, ұсталардың жебеушісі Гефест сынды сан мыңдаған кейіпкерлер адам бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттердің адамданған бейнесі. Соның ішінде әділет медеткері Фемиданың болмысы бөлек. Оның бір қолында таразы, екінші қолында қылыш тұрады, ал көзі әр кез байлаулы. Онысы ешкімге бұра тартпайтын турашылдығының, ешкімге тұра шаппайтын тұрақтылығының айғағы. Бұл күнде Фемиданың бейнесі бүгінгі сот жүйесінің, жалпы құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, оның тәуелсіз еліміздің төрелік залдарында орын тепкеніне де отыз жылдан асты. Осы уақыт аралығында мемлекетіміздің сот жүйесі біршама өзгерісті бастан өткеріп, дамудың жаңа белесіне көтерілді.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
Құқық қорғау органдарына кешенді талдау жүргізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Онда Президент қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің ерлігін ел есінде қалдыру үшін олардың есімін мекемелік наградалар мен құқық қорғау мекемелеріне, көше атауларына беру мәселесін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 23 Маусым, 2025
Хаттағы жазудан гөрі, ондағы бос орынның айтпағы зор. Жапон каллиграфиясында сия тимеген аумақ та ерекше мәнге ие. Жапон дейміз-ау, бүтін дүниенің пәлсапасы осыған саяды ғой. Ондай болмаса, айтылған сөзден гөрі, көмейіңді қаппай, ішіңде өліп кете барған сөздің салмағы неге ауыр? Жүрілмеген жолдың төте, жазылмаған жырдың ұлы көрінетінін қайда қоямыз? Асылында жоқтықтың да барға бергісіз хикметі жетерлік.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Ақсу қаласы дауылдан кейін қалпына келтіріліп жатыр
19 маусым күні Павлодар облысының Ақсу қаласында соққан күшті дауылдан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
Бүгін - Қазақстан полициясы күні
Елімізде 23 маусым Полиция күні деп бекітілген. Бұл күн 2007 жылдан бері аталып өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Маусым, 2025
Ормұз бұғазы жабылса, мұнай бағасы күрт өсуі мүмкін
Citigroup сарапшылары Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы жоғары Ормұз бұғазы жабылған жағдайда Brent маркалы мұнай бағасы 90 долларға дейін көтерілуі мүмкін деген болжам айтты. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2025
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылында тұратын кәсіпкер Бауыржан Уалханов туған жерінде туризмді дамытуды қолға алған. Ол «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5% жеңілдікпен 8,7 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, шағын қонақ үй ашқан, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Маусым, 2025
Премьер-министрдің орынбасары жазғы маусымға дайындықты пысықтады
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр орынбасары Ермек Көшербаев әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар, салалық ведомстволар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2025
Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
Елімізде тұрғын үй салу көрсеткіші биыл да серпін көрсетіп отыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында ел көлемінде 12 мың тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілген. Соның ішінде 567-сі – көпқабатты үйлер, 11 430-ы – жеке тұрғын үйлер, ал 16-сын – жатақханалар құрап отыр, деп жазады Egemen.kz.