Спорт • 20 Маусым, 2025
Еліміздегі басым спорт түрлерін анықтаудың жаңа тәсілі енгізілді
Биылғы жылдың 16 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Бұл құжат Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан спорт саласындағы жүйелі реформаның маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 20 Маусым, 2025
Алматыда түркі опера өнерінің фестивалі өтті
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында түркі опера өнерінің XXVI халықаралық фестивалі аясында Гала-концерт ұйымдастырылды. Ауқымды мәдени іс-шараның бастамашысы – Түркі тілдес елдердің мәдениет жөніндегі халықаралық ұйымы, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Маусым, 2025
Дәрігерлерді кәсіби сақтандыру жүйесі енгізілді
«AMANAT» партиясы денсаулық сақтау саласының бүгіні мен келешегі туралы ашық әңгімелесу мақсатында еліміздің барлық өңіріндегі 600-ден астам дәрігердің, медбикелердің, ғалымдардың, медициналық ұйымдар басшыларының және сарапшылардың басын қосты. «Дәрігер Talks» партиялық диалог алаңының II отырысына қатысушылар отандық медицинада орын алған жүйелі мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын ұсынды және өз тәжірибелерін ортаға салды, деп жазады Egemen.kz
Балалар • 19 Маусым, 2025
«Kishkentai» жобасының үлкен пайдасы
Қоғамдағы инклюзия ұғымы кейінгі жылдары күн тәртібіне жиі шыға бастады. Балаларға тең мүмкіндік жасау, ата-аналардың білім деңгейін арттыру, ерекше күтімді қажет ететін сәбилердің әлеуетін ашуға жағдай жасау – бұл тек әлеуметтік саясаттың ғана емес, азаматтық жауапкершіліктің де маңызды бағытына айналып отыр. Осы ретте елімізде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қолжетімді әрі сапалы ойыншықтар әзірлеп, оны әлеуметтік кәсіпкерлікке айналдыра білген Гүлмира Пармышева есімі жиі аталып жүр.
Университет • 19 Маусым, 2025
Абай университеті 43 сатыға жоғарылады
Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарын сарапқа салатын беделді QS World University Rankings 2026 нәтижелері жарияланды. Бұл жолғы жаһандық рейтингте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 628-орынға көтеріліп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бірден 43 сатыға алға жылжыды. Бұл – университет тарихындағы елеулі серпілістердің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Маусым, 2025
Президент респиратор мен газтұтқы шығаратын зауытқа барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев MFA International компаниясының елордадағы кәсіпорнын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы «Дәулет» теннис орталығына барды
Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Дәулет» теннис орталығының қызметімен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Бюджет • 18 Маусым, 2025
Депутаттардың ұсыныстары Сенатқа жолданды
2024 жылғы республикалық қаржы атқарылымы бойынша Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның баяндамалары Сенатқа жолданады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Ел ішінде күнделікті тұтынатын қызметтер мен тауарлардың құны тағы да өсе бастады. Бұл жолы баға құбылуы ұялы байланыс, электр энергиясы және халықаралық емтихандар саласынан байқалды. Әсіресе, тұрғындар үшін тұрмыстық қызметтердің қалтаға түсер салмағы ауырлай түсті. Маусым айынан бастап мобильді тарифтер өзгеріп, жарықтың құны қымбаттады, ал IELTS емтиханына қатысу бағасы бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Ақмола облысындағы Далабай ауылы тентек суға тыйым салды. Бұл бір күннің шешімі емес, саналы түрде қабылданған салмақты қадам. Ауыл тұрғындары ішімдіктің зиянын таразылап, келешек ұрпаққа дені сау, рухы таза, тәртіпті орта қалдыруды мұрат тұтты, деп жазады Egemen.kz.