Қоғам • Бүгін, 10:10

Астанада «Соғым-FEST» өтеді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 22-23 қарашада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарының фермерлері қатысады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада «Соғым-FEST» өтеді

Фото: pixabay.com

Іс-шара «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрағында (Алаш тасжолы, 35Б) ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, сол күндері сауда орталығының аумағында қала тұрғындары арасында танымал ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жемістер, ет пен ұн, сүт өнімдері, пісірілген тағамдар мен тәттілер, табиғи шырындар, джем сатып ала алады:

Іс-шара әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығы үшін жәрмеңке аумағына жақын жерден №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобустар өтеді, бұл келушілерге ыңғайлы қатынауды қамтамасыз етеді.