Өнім • 02 Қазан, 2025
Азық-түлік бағасын реттеу жаңа үлгіге көшеді
Елімізде 2026 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімін бекіту тәжірибесі тоқтатылмақ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкімет брифингінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 02 Қазан, 2025
Тәттімбет мұрасы жаңа форматта ұсынылады
Астанадағы Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт залында қазақтың ұлы күйші-композиторы Тәттімбеттің 210 жылдығына арналған ерекше кеш өтеді. Шертпе күйдің шебері, Мәдениет саласының үздігі Қайрат Айтбаев көрермендерге «Сарыжайлау» атты музыкалық-поэтикалық концертін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 02 Қазан, 2025
Қызыл кітапқа енген құландар табиғатқа жіберілді
Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватының аумағына құландар тобы жіберілді. Тұяқтылар көлемі 56 гектар қашада 1 жыл ұсталып жерсінді, сондай-ақ қатаң климатқа бейімделген. Құланның бірнешеуіне күн батареясымен қуаттанатын GPS қарғыбау мен белгі тағылды, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 01 Қазан, 2025
Мәншүк Мәметованың ата-анасының суреті жарияланды
Ғұмыры кербестінің кекіліндей қысқа болғанмен, ерлігімен еліне нұсқа бола білген қазақтың қаһарман қызы – Мәншүк Мәметова. Отанын оқтан қорғап небәрі 21 жасында опат болған қаршадай қыздың тағдыр тауаны тістескен тамыр сияқты шытырман һәм шырғалаң. Ұлттық баспасөз батыр Мәншүкті назарынан тыс қалдырған емес. Соның ішінде ел газеті «Egemen Qazaqstan» пулеметші қызға қатысты тың деректерді тұрақты жариялап тұрды. Басылым тігінділерін ақтарып отырып 1992 жылдың 6 маусымында шыққан нөмірге көзіміз түсті. Құнды мұра құмсағат уақыттың құрсауында құмығып қалмас үшін, жазылған жайдың жаңғырығы ретінде оқырман назарына қайта ұсындық.
Президент • 01 Қазан, 2025
Президент мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Трамптың жоспарын қолдайды
Қазақстан Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 30 Қыркүйек, 2025
«AMANAT» партиясы Алматыдан Қызылордаға дейінгі road-эстафета бастады
Алматы облысы Тарғап ауылы тұсындағы кемпинг-алаңда ауқымды экологиялық бастама – «Taza Qazaqstan» road-эстафетасының ашылу салтанаты өтті. Бір аптаға жалғасатын ауқымды іс-шара барысында қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсереді. Жобаға «Жастар Рухы» жастар қанатының мыңдаған белсендісі мен жергілікті тұрғындар атсалысады. Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау және азаматтардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 30 Қыркүйек, 2025
«ИННОПРОМ.Беларусь» көрмесі басталды
Премьер-министр Олжас Бектенов Минскіде «ИННОПРОМ.Беларусь» халықаралық өнеркәсіп көрмесін аралап, «Жаңа технологиялар одағы: болашақ өнеркәсіпті құру» тақырыбындағы пленарлық сессияда сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 30 Қыркүйек, 2025
Кезектен тыс парламент сайлауы өтеді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жогорку Кенеш депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетін күнді белгілеу туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістанда Кореяның жетекші университеті ашылды
Түркістан қаласында «Woosong University Kazakhstan» университетінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа жоғары оқу орнының ашылуы – Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетудің маңызды қадамы, деп жазады Egemen.kz.