
Таным • 27 Шілде, 2024
Өмір бойы аңсаған арманыма қол жеткіздім. Тәубе, ал әрі қарай не істеу керек? Енді не нәрсеге ұмтылып өмір сүремін? Бұл – чемпиондық тұғырды бағындырғаннан кейін көптеген спортшының бас ауруына айналатын сұрақтар. Өкінішке қарай, көбі бұларға жауап таппай, өмірден баз кешіп кетеді.
Ең қысқа әңгіме • 26 Шілде, 2024
1972 жылы өткен Мюнхен олимпиадасы Вильфрид Дитрихтің жеңісімен тарихта қалды. Сол жолы 118 кг салмақта күрескен неміс палуаны 201 килолық Крис Тейлорды шалқасынан түсірді. Жиырма бірдегі америкалықтың отыз тоғыздағы әккі немістің әдісіне түсіп қалғанын әлеуметтік желіде әлі күнге дейін жарыса жазып жатады.
Көрме • 23 Шілде, 2024
Елорда төріндегі Ұлттық музей биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Соған орай «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрме мен оның аясында шыққан каталогтың тұсаукесер рәсімі өтті.
Мирас • 20 Шілде, 2024
Ақмола облысынан тарихи артефакт табылды. Оны Сандықтау ауданындағы өрт сөндірушілер ормандағы рейд кезінде аңғарған. Жаңалықты Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен тарихи-өлкетану мұражайына хабарлаған. Бұдан соң жәдігерге астаналық ғалымдардан бөлек шетелдік ғалымдардың да қызығушылық тудырғаны белгілі болды.
Ең қысқа әңгіме • 16 Шілде, 2024
120 мың долларға бағаланған банан
Осыдан бес жыл бұрын халықаралық «Аrt Basel Miami» атты суретшілер жәрмеңкесінде 120 мың долларға бағаланған Маурицио Кетталанның жаңа «өнер туындысы» көрерменге жол тартты. Әйгілі Эдвард Мунктің «Айқайынан» да қымбатқа түскен бұл шығарма –скотчпен қабырғаға жапсырылған кәдімгі банан болды. Біздің қоғамда да өзінің құнынан әлдеқайда жоғары бағаланып жатқан қаншама «өнер туындылары» бар десеңізші. Әсіресе ән мәтініндегі әттеген-айлар...
Қоғам • 13 Шілде, 2024
Ол 25 жылдың шығармашылық ғұмырында 500-ге тарта туындыны өмірге әкелді. Қысқа ғана сықақ әңгімелері, повестері мен пьесалары халық көңіліне бірден жақты. Антон Чеховтың кейіпкерлері патшалар мен бастықтар емес, қарапайым, кей сәтте қарабайыр ғана адамдар. Олар қоғамның шындығы мен адамның сұмдығын күліп қана айта салады. Оны тіпті өзі де білмеуі мүмкін. Жазушының ерекше әсерге бөлеген сондай әңгімелерінің бірі – «Сау сайтан мен мас еркектің әңгімесі».
Өнер • 11 Шілде, 2024
Елордада street art жанры өкілдері арасында «Astana Graffiti» фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара Нұрсұлтан Назарбаев қоры және Smart team management-пен бірлесе отырып ұйымдастырылды.
Көрме • 11 Шілде, 2024
«Астана-Бәйтерек» монументі алдында Астана күніне арналған «Тарих таңдаған Астана!» атты фотоқұжаттар көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Игілікті іс-шараны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Астана қаласының мемлекеттік архиві ұйымдастырды.
Ең қысқа әңгіме • 10 Шілде, 2024
Қазір тарихи тұлғалардың кісілік келбеті мен әрекетіне қатысты біржақты түсінік беру белең алып барады. Әлеуметтік әумесерлік пен қоғамдық қиямпұрыстыққа жеткізетін бұл үрдістің сыр-сипатын француз философы Жан-Поль Сартрдың мысалынан аңғаруға болады.
Қоғам • 06 Шілде, 2024
Домбыра туралы ән-жырларға құлақ тоссақ, аспаптың бүгінгі үлгісінің байырғы нұсқасынан айырмашылығы барын байқаймыз. Әсіресе перненің саны төңірегінде айтылар нұсқа көп. Кей жерде тоғыз перне десе, кей жерде жеті перне дейді. Ал дәл қазіргі домбыраның мойнына он тоғыз перне байланған.