Құрылыс • 20 Тамыз, 2025
Жылу маусымына тиянақты қамданыс
Ертіс-Баян өңіріндегі үш қалада жылу маусымына дайындық мәселесі өзекті. Енді бір айдан соң құбыр бойымен жылу жүгіре бастайды. Қазір жергілікті билік алдында жөнделіп жатқан желілер мен нысандарды жоспарлы уақытында аяқтау міндеті тұр.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Павлодарда қоғамдық көлік бағыттары оңтайландырылып жатыр
Облыс орталығында қалалық автобус желісі ертеңнен бастап жаңаша жұмыс тәсіліне көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 19 Тамыз, 2025
Айналдырған алты жыл ішінде Қазақстан электролиз зауытының белді қызметкеріне айналып үлгерген Елдос Жұмабеков бүгінде металлургия саласының туын абыроймен желбіретіп келеді.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2025
Абылай аспас сары бел – Арқаның құт мекеніне айналған Баянауылда төрт асылдың торқалы тойы өтті. Мойылдыбұлақ жанындағы жазық далада 80-ге жуық киіз үй тігіліп, халқымыздың салт-дәстүрі көрсетілді.
Тағзым • 16 Тамыз, 2025
Павлодарда кинорежиссер, қазақ дубляжының негізін қалаушылардың бірі Қуат Әбусейітовтің 100 жылдығына орай мемориалдық тақта ашылды. Қуат Әшірбекұлы Баянауыл жерінде дүниеге келген. Ол Павлодарда, қазіргі Абай атындағы гимназияда білім алған.
Қоғам • 15 Тамыз, 2025
Ғалым еңбегі неге ескерусіз қалды?
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Құдайберген Қанапиянов құрғақ ауа райында мол өнім беретін жоңышқаның жаңа сортын ойлап шығарды. Өкінішке қарай, оның өнертабысын Ертіс-Баян өңірінде елеп-ескеретін ешкім болмай тұр. Ғалымның сөзінше, жаңа дақыл жемшөп мәселесін түбегейлі шешіп, мал еті мен сүттің өзіндік құнын арзандатуға негіз болады.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Тамыз, 2025
Ертіс бойындағы еңбек форумы: жұмысшы мамандықтардың жаңа тынысын ашты
Павлодарда Халықаралық жастар күні және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы өтті. Жиынға еліміздің барлық өңірінен 120-дан астам белсенді жас – инженерлер, өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандары, IT-технологтер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Тұлға • 12 Тамыз, 2025
Баянауылда Жаяу Мұсаның 190 жылдығына орай дүркіреген той өтеді
Биыл Баянауыл ауданында есімдері елге мәшһүр төрт бірдей тұлғаның мерейтойы аталып өтеді. 15-16 тамыз күндері Мойылды шатқалында этноауыл бой көтеріп, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Ертіс бойында үш сорғы станциясы суды заңсыз пайдаланған
Ертіс бассейндік инспекциясы Павлодар облысының Ақсу қаласындағы ауылдық аймағында және Ертіс ауданында заңсыз орналасқан үш сорғы станциясын анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Ертіс-Баян өңіріндегі «Келешек мектептері»
Шаһар халқының өсе түсуі Ертіс-Баян өңірінде мектеп тапшылығын тудырып келгені мәлім. Әсіресе облыс орталығында бұл түйткіл айқын сезіліп отыр. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бұл мәселені түпкілікті шешуге ықпал еткелі тұр.