Медицина • Бүгін, 09:30

Орфандық ауру асқынып тұр

50 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ертіс-Баян өңірінде орфан ауруына шалдыққандар қатары көбейген. Дәрігерлер мұны диагностиканың жақсаруымен, тіркеу жүйесінің кеңеюімен байланыстырады.

Орфандық ауру асқынып тұр

Қазірде облыста орфан ауру­­ларына шалдыққан 1 472 адам есепте тұр, оның ішінде 390-ы – бала­лар. Тек биыл жаңадан 233 адамда аталған дерт анықталған, оның ішінде алтауы бала. Айта кетелік, орфандық аурулар дегеніміз – өте сирек кездесетін, көбінесе генетикалық негізде туындайтын, өмірге қауіпті немесе мүгедектікке әкелетін аурулар тобы.

– Бүгінде амбулаториялық пациенттерге кепілдендірілген тегін медици­на­лық көмектің көлемі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өңір тұрғындары жалпы сомасы 12,9 млрд теңгеге дәрілік заттармен қамтамасыз етілген. Оның ішінде орфан­­дық пациент­­­терге 3 млрд теңге­­ден астам қаражат бағытталған, – дейді өңір­лік денсаулық сақтау басқармасы бас­шысының орынбасары Айгүл Мұқышева.

2026 жылға дәрілік қамтамасыз етуге, оның ішінде орфандық пациенттерге арналған алдын ала бюджеттік өтінім сомасы 16,4 млрд теңгені құрап отыр. Соның ішінде тек қана 24 орфандық пациентті (дюшенн бұлшық ет дистрофиясы, жұлын бұлшық ет атрофия­сы, нейрофиброматоз, муковисцидоз, онкогематологиялық аурулар) препаратпен қамтамасыз етуге 2,3 млрд теңге көлемінде бюджетке қосымша өтінім жолданған.

– Орфандық ауруларға арналған дәрі-дәрмек бағасы өте қымбат тұрады. Бір дәрілік препараттың орташа құны 100 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін жетеді. Ең қымбаты – «Спинраза» (Нусинерсен) препараты, бір пациент үшін жылдық құны 90 млн теңгеден асады. Ол республикалық бюджет есе­бі­нен сатып алынатынын ескеру керек. Еліміздегі амбулаториялық тегін дәрілік қамтамасыз ету тізбесіне сәйкес 40-тан астам орфандық ауруға шамамен 96 атау­лы дәрілік зат қарастырылған. Бұлар жүйелі қызыл жегі, ювенильді артрит, көптік миелома, кистозды фиброз (муковисцидоз), миастения, жұлын бұлшық ет атрофиясы, көптік миелома, тағы басқа да ауруларға арналған, – деп қосты басқарма өкілі.

Медициналық ұйымдар диспансер­лік есепте тұрған пациенттер жөніндегі қажеттілікті өз бетінше қалыптастырып, «СҚ-Фармация» ЖШС оны жасалған шарт­тар мен бекітілген кестелерге жет­кізіп береді. Препараттар негізінен Германия, Франция, АҚШ, Швейцария, Жапония елдерінде шығарылады.

Мамандардың айтуынша, орфандық, яғни сирек ауруларда адамның орташа өмір сүру ұзақтығын шамалап көрсету мүмкін емес. Себебі бұл аурулардың ішкі бөлі­нісі алуан түрлі. Белгілі бір аурудың болжамы оның түріне, генетикалық мутациясына, ауырлық дәрежесіне, емнің қолжетімділігіне, терапияның басталу уақытына байланысты.

Денсаулық сақтау басқармасының өкілі қазіргі уақытта жергілікті меди­ци­­­­налық ұйымдарда жыл соңына дейін тапшылық қаупі бар препарат­тар­­ға қатысты қосымша өтінім қалып­тас­ты­рыл­ғанын да атап өтті. Олар
«СҚ-Фармация» ЖШС арқылы сатып алынып жатыр.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50