
Өнер • 30 Қараша, 2024
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы өз көрермендерін тағы бір таңғажайып премьерамен таң-тамаша етті. Қазақ театрларының сахналарында бұрын-соңды қойылмаған жанр – балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоу қойды. Мамандар мұндай қойылым бүгінгі қоғамға ауадай қажет екенін айтады.
Аймақтар • 27 Қараша, 2024
Қардан тазарту қарқынды жүріп жатыр
Биыл қыста павлодарлық коммуналшылар көктайғаққа қарсы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз реагент қолдана бастады. Ол тұрғындар үшін ерекше қауіпті аумақтарда құммен бірге себіледі.
Әдебиет • 26 Қараша, 2024
Танымал қаламгер Сайлау Байбосынның «Ажалын жоғалтқан адам» романы жарық көрді. Қазақ әдебиетінде сирек кездесетін детектив жанрындағы туындыға оқырманның сұранысы жоғары.
Мәдениет • 20 Қараша, 2024
Еуропа жұртына қазақ домбырасының күмбірін алғаш жеткізген дәулескер күйші Рүстембек Омаровтың есімі біраз уақыт бойы жерлестері үшін беймәлім болып келді. Күй аңыздарының жолын жалғап, Арқа өңіріндегі саз самалының лебін тамам елге таратқан өнер иесінің соңында бүгінде мол мұра қалған.
Аймақтар • 20 Қараша, 2024
Ертіс-Баян өңірінің мемлекеттік орман қорында ағаш отырғызу жұмысы аяқталды. Жергілікті орман қорғау мекемелері жалпы аумағы 1,2 мың гектардан асатын аумаққа 6,8 млн көшет еккен. Мамандар жас ағаштардың өсу қабілеті арта түскенін анықтап отыр.
Спорт • 20 Қараша, 2024
Екібастұз қаласының алты жасар Хадия Құнаева джиу-джитсудан Абу-Дабиде өткен халықаралық турнирде KIDS 2 санатында мерейі үстем болып, әлем чемпионы атанды. Әкесі қызы мен өзге де шәкірттерін аталған додаға апару үшін жеке көлігін сатуға мәжбүр болыпты.
Аймақтар • 15 Қараша, 2024
Павлодарда рельсті көліктің келешегі зор. Трамвайдың экологиялық жағынан тиімді әрі қаладағы көлік инфрақұрылымын дамытуда маңызды рөл ойнайтынын ескерсек, жергілікті техникалық паркті жаңарту аса өзекті. Облыс билігі алдағы жылдары Еуропа қайта құру және даму банкінің көмегімен 25 трамвай сатып алуды ұйғарып отыр.
Инвестиция • 14 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы прокуратура органдарына кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларын сүйемелдеу міндетін жүктегелі бұл бағытта нәтижелер байқалып жатыр. Бір ғана Ертіс-Баян өңірінде жыл басынан бері инвесторлардың 1 трлн теңгеден асатын проблемалық кейсіне рұқсат берілді. Инвесторлар бұл оң тәжірибе алдағы уақытта жалғасын тапса екен деген ниетте.
Субсидия • 14 Қараша, 2024
Отандық ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы жемқорлық, бюджет қаражатын ұрлау факторлары – ұлттық экономиканың өсіміне тежеу. Үкімет 2025 жылдан бастап субсидия тәртібі өзгеретіні туралы мәлім еткен. Жаңашылдықтың бірі – ауыл шаруашылығы техникаларына бөлінген несие пайызын субсидиялау талаптарына қатысты.
Мәселе • 12 Қараша, 2024
Павлодар облысының елді мекендерінде кәдімгі үй тышқаны шамадан тыс көбейіп кеткен. Қоражайдан бөлек үйлерде де қаптап, тұрғындардың мазасын алып тұр. Жұртшылық кеміргіштердің адамнан қорықпайтынын, аулада асыр салып жүретінін жиі сөз етеді.