ас
Елорда • Кеше
Астанада биыл 50 көше жөнделеді
Астана қаласында биыл шамамен 50 көшеге жөндеу және құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жалпы ұзындығы 60 шақырым жол жаңартылады. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • Кеше
«Қайрат» пен «Астана» Қазақстан кубогынан шығып қалды
Қазақстан Кубогының 1/8 финалында сенсациялық нәтижелер тіркелді. Алматылық «Қайрат» және елордалық «Астана» клубтары жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Елімізде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 8 пайызға төмендеген
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Енді қазақ тілін білмейтіндер үшін қандас мәртебесін алу қиындайды
Қазақстанда шетел азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат беру және қандас мәртебесін тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Жаңа талаптарға сәйкес, қазақ тілін білу тестінен өту шегі әр бөлім бойынша 70 пайызға дейін көтерілді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 30 пайыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • Кеше
Олжас Бектенов дәрілік заттарды 1 шілдеге дейін тіркеуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Кеше
Астанада Euronews өкілі журналистерге шеберлік сабағын өткізді
Euronews Academy, «Медиа дамыту қоры» КҚ және Maqsut Narikbaev University бірлесіп ұйымдастырған «Медиа технологиялар» курсы мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • Кеше
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында педагог мәртебесі мен білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасы қаралды. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығына қатысты жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде және қызметтік міндеттері аясында ғана айқындалады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
«Ұят болмасындағы» бала Мағжанның бүгінгі өмірі қандай?
Халыққа «Хабар» арнасында көрермен назарына ұсынылған «Ұят болмасын» бағдарламасы арқылы танылған актер Бекжан Тұрыстың ұлы Мағжан Асаубай «КешREC» бағдарламасына сұхбат беріп, бүгінде немен айналысып жүргенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтудың әлеуеті мол екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • Кеше
VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы аталған Азия додасында табысты өнер көрсетті. Отандастарымыз шешуші кездесуде Оңтүстік Корея құрамасын 3:0 (4:2, 2:1, 3:2) есебімен жеңіп, қола медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • Кеше
Алматыдағы медициналық мекеме науқастардың денсаулығына қауіп төндіретін құрылғыларды пайдаланған
Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті департаменті Алматы қаласындағы «Орталық қалалық клиникалық аурухана» мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Елімізге Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабиш ресми сапармен келді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • Кеше
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай елде шектеулі сериямен Дональд Трамптың бейнесі бар жаңа паспорттар шығару жоспарланып отыр. Құжаттың сыртқы келбеті жаңартылғанымен, қауіпсіздік талаптары бұрынғыдай сақталады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Тәуелсіз сауалнама: Президентке халықтың қанша пайызы сенім білдіреді?
Сәуір айында жүргізілген тәуелсіз әлеуметтік зерттеу нәтижелері Қазақстан азаматтарының билік институттарына деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Бұл туралы Demoscope зерттеу жобасының деректерінде айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • Кеше
Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?
Мамыр айының 1, 2, 3 күндері елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Мерекелік жәрмеңке Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
28 сәуір күні Бурятияның Муй ауданындағы «Ирокинда» кенішінде 9 адам технологиялық жолды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатқанда қар көшкіні болған, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 28 Сәуір, 2026
Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды
Астана қаласында полиция ірі көлемде синтетикалық есірткіні заңсыз таратқан 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 28 Сәуір, 2026
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығы алаңында «Қазақстан – ортақ үйіміз» тақырыбында ауқымды музыкалық флешмоб өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 28 Сәуір, 2026
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Жақын күндері Астанада ауа температурасының айтарлықтай көтеріледі. Алайда мереке күндері ауа райы күрт өзгеріп, күн күркіреуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Сәуір, 2026
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Астанада Есіл ауданындағы Бұқар Жырау көшесінде орналасқан он екі қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Сәуір, 2026
Тасқын қаупі: Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстандағы ахуал қандай?
Еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі аяқталып, жағдай тұрақталды. Қазіргі уақытта оңтүстік, батыс және орталық өңірлерде қауіп айтарлықтай төмендеген. Ал Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бақылауда тұр, тиісті мониторинг үздіксіз жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Сәуір, 2026
Астанада ақылы эвакуация күшіне енді: Көлікті қай жерге қоюға болмайды?
Елордада жол қозғалысы ережелерін бұзған көліктерді ақылы эвакуациялау жүйесі ресми түрде іске қосылды. Бұл шара қаладағы кептелісті азайтуға және жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 28 Сәуір, 2026
60 жылдық жұмбақ: 23 жастағы жігіт ChatGPT көмегімен күрделі есептің шешімін тапты
23 жастағы австралиялық Лиам Прайс ChatGPT (GPT-5.4 Pro нұсқасы) нейрожелісін пайдаланып, ғалымдардың 60 жыл бойы зерттеп келген күрделі есептің шешімін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Сәуір, 2026
Шымкентте пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты
Шымкент қаласының Еңбекші ауданында пластик бұйымдарын шығаратын цехтан өрт шықты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында ықтимал жарылыс қаупі сейіліп, тілсіз жау толық жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Сәуір, 2026
Жантүршігерлік оқиға: Жітіқарада жасөспірім анасын құтқарамын деп қаза тапты
Қостанай облысының Жітіқара қаласында отбасылық жанжал қайғылы оқиғаға ұласып, 15 жастағы жасөспірім көз жұмды. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 28 Сәуір, 2026
Трампқа қастандық жасамақ болған күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін
АҚШ-та президентке қастандық жасамақ болды деген күдікпен ұсталған азаматқа өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2026
Жасанды интеллект инсульттан болатын өлім-жітімді 40%-ға төмендеткен
Қазақстанда инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект жүйесі бірқатар өңірде өлім-жітім көрсеткішін 40%-ға азайтуға септігін тигізді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 28 Сәуір, 2026
Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді
Астанадағы Орталық саябақта болған оқыс оқиға кезінде аттракцион кабинасы үзіліп, ішінде отырған балалармен бірге жерге құлаған. Қаладағы демалыс орнының басшылығы оқиғаның себебі сирек кездесетін техникалық ақау екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.