Футбол • Кеше

«Қайрат» пен «Астана» Қазақстан кубогынан шығып қалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Кубогының 1/8 финалында сенсациялық нәтижелер тіркелді. Алматылық «Қайрат» және елордалық «Астана» клубтары жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қайрат» пен «Астана» Қазақстан кубогынан шығып қалды

«Қайрат» Қызылордалық «Қайсарға» 1:2 есебімен жол берді. Үй иелері алғашқы минуттардан-ақ алға шығып, екінші таймда басымдылығын арттырды. «Қайрат» тек қосымша уақытта бір гол соға алды.

Ал «Астана» өз алаңында «Тоболға» 1:2 есебімен есе жіберді. Қостанайлықтар матч соңында пенальтиді сәтті орындап, жеңісті жұлып алды.

«Қайраттың» капитаны клубтан кететінін мәлімдеді

Күннің басқа ойындарында «Жеңіс», «Қызылжар» және «Жетісу» келесі кезеңге өтті. Кубок жолы одан әрі тартысты жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар