у
Медицина • 13 Қазан, 2025
Қазақстанда медициналық туризм қарқынды дамып келеді
2023 жылы Астанада ем алған шетелдік пациенттер саны 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе, ал 2024 жылы тағы екі есе артқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қазан, 2025
Наталья Дементьева: Мектептегі қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің негізі
Бұл туралы Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы бүгінгі «Үкімет сағатында» айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 13 Қазан, 2025
«Қайрат» – «Пафос» ойынының билеттері сатылымға шықты
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші турында өз алаңында Кипрдің «Пафос» командасын қабылдайды. Кездесу 21 қазанда Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Қазан, 2025
Су заңнамасын бұзғандарға 58,3 млн теңге айыппұл салынған
Су ведомствосының бассейн инспекциялары осы жылғы вегетация кезеңінде су заңнамасын бұзғандарға 310 айыппұл салған, жалпы сомасы 58,3 млн теңге болған, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 13 Қазан, 2025
Бизнес идея ұсынғандарға 5 миллион теңге беріледі
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру жөнінде ашық байқау жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 13 Қазан, 2025
Астанада психикалық ауытқуы бар 6 тұрғынға жүргізуші куәлігі берілген
Елорда прокуратурасы психикалық ауруы бар деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған 6 адамның қолданыстағы жүргізуші куәлігі бар екенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 13 Қазан, 2025
Алматыда инклюзивті білім беру жөніндегі дүниежүзілік конгресс өтеді
Осы айдың 15–17 күндері аралығында Алматы қаласында инклюзивті білім беру саласындағы ең ірі халықаралық іс-шара – World Inclusion Congress (WIC 2025) Дүниежүзілік конгресі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Қазан, 2025
Қаржы пирамидасы 59 азаматты алдап соққан
Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «S-Group» қаржы пирамидасына қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Қаржы пирамидасының аймақтық бөлімшесін басқарғандар Көкшетау қаласында 59 азаматтың 136 миллион теңгесін заңсыз жолмен иемденген, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Қазан, 2025
Елімізде 24,6 млн тонна астық бастырылды
Өңірлерде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 15,1 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 94,1%-ы жиналып, нәтижесінде 24,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 13 Қазан, 2025
Ұлытау облысында 3000-нан аса көшет отырғызылды
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы - экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруға ұлытаулықтар да үлес қосып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қазан, 2025
«Ақтөбе U-16» командасының 15 жастағы ойыншысы қаза тапты
QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының 15-жастағы футболшысы Арон Мұса өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Қазан, 2025
Қазақстанның бірқатар елдердегі Елшілері тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қазан, 2025
Көкпардан Қазақстан чемпиондары анықталды
Шымкентте көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. 15 команда қатысқан бәсекеде Жамбыл облысының құрамасы үздік шықты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Қазан, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалына байланысты 2025 жылдың 13 қазанында Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар жауып, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 13 Қазан, 2025
Солтүстік Македония - Қазақстан матчын қайдан көруге болады
14 қазанға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Солтүстік Македония Қазақстанмен Скопьеде ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 12 Қазан, 2025
Жетісу облысының 3 мыңға жуық тұрғыны "Саламатты Қазақстан" пойызы дәрігерлерінен көмек алды
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы шалғай аудандардағы тұрғындарға сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында өз бағытын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 12 Қазан, 2025
Түркістан облысында 190 жер учаскесі заңсыз берілген
Түркістанда жер заңнамасының сақталуы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.
Спорт • 12 Қазан, 2025
Солтүстік Македония құрамасының бас бапкері Қазақстанмен өтетін ойын алдында мәлімдеме жасады
Солтүстік Македония құрамасының бас бапкері Благоя Милевски Бельгиямен өткен сенсациялық тең ойыннан (0:0) кейін және алдағы Қазақстанға қарсы матч қарсаңында пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Төтенше жағдай • 12 Қазан, 2025
Қостанайда құтқарушылар газдан уланған 2 адамды аман алып қалды
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2002 және 2003 жылғы екі азамат тереңдігі шамамен 2 метр болатын гараждың жертөлесіне түсіп, өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Сол кезде 2001 жылғы үшінші азамат жоғарыға көтеріліп, 112 желісіне хабарласып, құтқарушыларды көмекке шақырған, деп жазады Egemen.kz.
Рекорд • 12 Қазан, 2025
Мың түйелі керуен: Қазақстанның жаңа рекорды Гиннес кітабына тіркелді
Алматы облысында мың түйеден құралған керуен ресми түрде Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл туралы шара барысында кітап өкілдері мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 12 Қазан, 2025
Қазақстан – ЕО серіктестігі: Брюссельде «жасыл» энергетика саласындағы келісімге қол қойылды
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Брюссельде өткен «Global Gateway» форумына қатысып, Еуропалық Одақ өкілдерімен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді. Бұл сапар Қазақстанның Орталық Азиядағы ЕО үшін сенімді әрі негізгі серіктес ретіндегі мәртебесін нығайта түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қазан, 2025
Нұрғиса Тілендиевтің туған ауылында еңселі стэлла орнатылды
Ұлт руханиятының ұлы тұлғасы, Халық қаһарманы, әйгілі композитор, күйші әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің кіндікқаны тамған ауылында демеушілердің қолдауымен еңселі стэлла бой көтерді. Архитектуралық тұрғыдан ерекше пішінге ие бұл ескерткіште қазақтың қасиетті домбырасы мен сұлулықтың символы саналатын қос аққу бейнеленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2025
Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Тұлға • 11 Қазан, 2025
Жетісуда Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Жетісу облысында ұлы ғалым, ағартушы, этнограф әрі саяхатшы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов: тарих және тұлға» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 11 Қазан, 2025
New Vision Forum 2025: Инновациялық экожүйелер мен стартаптарды дамытатын алаңға айналады
Алматыда күні кеше басталған New Vision 2025 форумы кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін тың идеялар, жаңа бастамалар алаңына айналып отыр. Инновациялар бизнестің қай түріне болмасын дендеп енген сайын білікті мамандар, жаңа технологияларды қолдану күн сайын өзекті болып барады. Форум осы орайда дамуды мақсат ететін кәсіпкерлер, бизнес саласы үшін ауқымды тақырыптарда пікірталасып, белгілі бір мәмілеге келуге мүмкіндік береді. Қазіргі сәтте әлемнің 20-дан астам елінен келген кәсіпкерлер, инвесторлар, сарапшылар мен креативті индустрия өкілдері әлемдік бизнестегі жаңашылдықтар мен өзгерістерді талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 11 Қазан, 2025
Ақмола облысында газбен жабдықтау желісі кеңеюде
Ақмола облысында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгін Целиноград ауданында бірден екі ауылға – Ыбырай Алтынсарин атындағы ауыл мен Талапкерде газ беру іске қосылды. Аталмыш оқиғаны көп жылдар бойы күткен жергілікті тұрғындар үшін бұл нағыз мереке болды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.
Жасанды интеллект • 11 Қазан, 2025
Әл-Фараби университеті Студенттер қатарына қабылдау рәсімін ЖИ арқылы өткізді
Биылғы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Студенттер қатарына қабылдау рәсімі ерекше форматта ұйымдастырылып, 1-курс студенттерін оқуға қабылдау рәсімі жасанды интеллектінің қатысуымен жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 11 Қазан, 2025
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданының Мәдени-сауық орталығында ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Қайрат Байбосыновтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың Қайраты» атты салтанатты кеш өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Қазан, 2025
Президент кеңесшісі жасанды интеллект туралы дәріс оқыды
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай университетінің белсенді студенттерімен кездесті. Оның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерді түсіндіру және ондағы айтылған айқын бағдарларды насихаттау. Жылы жүздесу барысында емен-жарқын әңгіме болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 10 Қазан, 2025
Студенттер күзгі ағаш отырғызу науқанына қатысты
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен Ақтөбедегі №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің маңайында «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты тал отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.