Экология • 10 Қазан, 2025

Студенттер күзгі ағаш отырғызу науқанына қатысты

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында   «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ұйымдастыруымен Ақтөбедегі №3 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің маңайында «Туған қалаңа ағаш сыйла» атты  тал отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Студенттер күзгі ағаш отырғызу науқанына қатысты

Шараға  Ақтөбе автожол колледжінің студенттері қатысып, 50 түп көктерек отырғызды.

Аталмыш акцияның мақсаты – болашақ әлем чемпиондарын дайындайтын спорт мектебінің  айналасын көркейту, қаланы көгелдандыруға атсалысу және колледж студенттерін еңбекке тәрбиелеу. Екінші жағынан, тазалық акицясы  кәсіптік-техникалық оқу орны  мен  спорт мектебі тәрбиеленушілерінің арасындағы байланысты нығайтады. Балалар аптаның соңында бірге табиғат аясында еңбек етіп уақыттарын жақсы өткізді.

Мұндай бастама қаладағы орта арнаулы оқу орындарының  арасындағы байланысты нығайтады.  Оның үстіне,  қазіргі уақытта күзгі мамыражай ауа райы да тазалық акцияларын өткізуге және күзгі ағаш отырғызу жұмыстарына қолайлы болып тұр.

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар

Тазалық ізетпен тартымды

Қоғам • Бүгін, 08:05

«Ақылды» сырға

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Тұмау асқынып тұр

Қоғам • Бүгін, 07:53

Күн энергиясымен жүретін яхта

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Шымкенттен – Стэнфордқа

Білім • Бүгін, 07:45