Су
Технология • 24 Шілде, 2025
Елімізде су тазартатын мембраналар өндіріледі
«Экотэк Инжиниринг» компаниясы Сәтбаев университетімен бірлесіп су тазарту жүйелеріне арналған спиральды мембраналарды өндіре бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 24 Шілде, 2025
Жетісуда жедел жәрдем қызметкерлері жеті жанды өрттен құтқарған
Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев Ескелді ауданындағы өрт шыққан үйден 7 адамды құтқарған жедел жәрдем қызметкерлерін қабылдап, облыс әкімінің Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын табыстады. Кездесуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов қатысты. Арнайы қабылдауға аталған ауданның №6/6 жедел жәрдем бригадасы құрамындағы фельдшерлер Ғабит Ерғаж, Дамира Рахимова және жүргізуші Мұрат Сатеков келді, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 24 Шілде, 2025
Жетісу облысында 3,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Шілде, 2025
Қостанай облысында 37 ауылға су құбыры тартылады
Қостанай облысы тұрғындарының 90%-дан астамы таза ауыз су тұтынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Шілде, 2025
Суды ортақ пайдаланудың ережелері бекітілді
Жаңа Су кодексіне сәйкес, азаматтардың су нысандарына кіруін шектеуге жеке және заңды тұлғалардың құқығы жоқ. Егер заңда көрсетілмесе, қоршаулар, күзет немесе өзге де шектеулер қоюға тыйым салынады. Аталған норманың сақталуы үшін сала министрлігі азаматтардың елдің су нысандарына қолжетімділігін реттейтін суды ортақ пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Шілде, 2025
Әртістік жүзуден ел құрамасы финалға бір қадам жетпей қалды
11 шілде Сингапурда басталған су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Әлем біріншілігіндегі әртістік жүзуден жұптық сайыста қазақстандық спортшылар өнер көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Шілде, 2025
Жетісуда су үнемдеу технологиясы қай деңгейде?
Жетісу облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға егілді. Оның 200,2 мың гектары суармалы алқап. Егістік 6 су қоймасы мен 12 өзен арқылы суарылады. Қазір қоймалар орта есеппен 45%-ға толып, суару режимінде жұмыс істеп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Шілде, 2025
Жетісуда 2,2 тонна жем-шөп дайындалады
Жетісу облысында биыл 2,2 млн тонна жем-шөп дайындау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1,2 млн тонна шөп, 341 мың тонна сабан, 117 мың тонна пішендеме, 203 мың тонна сүрлем және 307 мың тонна жемдік астық қамтылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
ШҚО аумағындағы 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді
Өңір диқандары суару маусымы басталғалы 24 млн текше метрден астам су алған. Биыл «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Шілде, 2025
Халықаралық сарапшы: Қазақстанның жаңа Су кодексі – Орталық Азия елдеріне үлгі
Халықаралық су ресурстарын басқару институтының Орталық Азия бойынша аға ғылыми қызметкері Искандар Абдуллаев Қазақстанда қабылданған жаңа Су кодексіне жоғары баға беріп, аталған аймақтың басқа елдері үшін оң бағыттағы үлгі екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Шілде, 2025
Ақтауда жалаңаш ер адам 11 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті
Полиция аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Шілде, 2025
Су мамандарының үшінші легі Қытайға оқуға аттанды
Еліміздегі су саласының 31 маманы Қытайға екі апталық курсқа аттанды. Еске салайық, бұған дейін аталған көршілес елде сәуір және мамыр айларында 30 адамнан тұратын екі топ білім алғаны мәлім, деп жазады Egemen.kz.
Баға • 18 Шілде, 2025
Маусым айында электр қуаты азайып, су тұтыну артқан
Елімізде маусым айында электр энергиясын тұтыну көлемі күрт төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы маусымда Қазақстанда электрмен жабдықтау деңгейі мамырмен салыстырғанда 6,6 пайызға кеміп, 9,2 млрд киловатт/сағатты құрады. Бұл – бір айдың ішіндегі айтарлықтай өзгеріс саналады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Шілде, 2025
Жылқымен сүйреген: Жетісуда күйеуі 32 жастағы әйелін қатыгездікпен өлтірген
Жетісу облысында ер адам әйелін қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Шілде, 2025
Жетісуда 100 мың гектардан астам егістік суарылған
Жетісу облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы жергілікті шаруалармен су беру бойынша 7 мың 404 келісімшарт жасасқан. Вегетация кезеңі басталғалы 100 мың гектардан астам егістік жер суарылып, 527,5 млн текше метр су алынған, сондай-ақ 17 мың гектар алқапта ылғалдандыру жұмысы жүргізілген, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Шілде, 2025
Жетісуда бірінші сыныпқа 13 мыңға жуық бала қабылданады
Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін ата-аналардан балаларын бірінші сыныпқа қабылдау үшін 9717 өтініш түскен. Бұл — өңір бойынша жаңа оқу жылы қарсаңындағы үлкен белсенділікті байқатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 17 Шілде, 2025
Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді
Биылғы жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін. Жыл басталғаннан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Шілде, 2025
29 гидротехникалық нысан жан-жақты зерттеліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» мекемесі 29 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіп, 42 нысан бойынша қауіпсіздік декларацияларын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Шілде, 2025
Су мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны көбейді
Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласын жаңа, білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойғаны мәлім. Гранттар санының артуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Бір жыл бұрын жоғары оқу орындарында су шаруашылығы мамандықтарына 618 грант бөлінсе, 2025-2026 оқу жылына гидрогеология және гидрология сияқты пәнаралық мамандықтарды есептемегенде барлығы 1052 грант бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 14 Шілде, 2025
Астанада 1000-ға жуық әуесқой спортшы жүгіру іс-шарасына қатысты
«Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында Сарыарқа ауданында кезекті жеңіл атлетикалық жүгіру іс-шарасы өтті. Осы жолғы басты ерекшелігі – қатысушылар жаңа маршрут бойынша бақтарын сынады, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 14 Шілде, 2025
4 ауылда ауыз су мәселесі шешіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың аяғына дейін еліміздегі барлық елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамту туралы тапсырмасы Қордай ауданында жүйелі жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
«Қазсушардың» Жамбылдағы филиалы жаңа техникалармен толықты
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облысындағы филиалына 51 жаңа арнайы техника берді. Филиалға барлығы 75 техника бөлінген, қалған 24-і жыл соңына дейін жеткізілмек. Техника паркі толықтырылғанға дейін филиалда 64 жабдық болған екен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Шілде, 2025
Қайтарылған қаржыға Қарағанды облысының су құбыры желілері жөнделеді
Үкімет осы мақсатқа қайтарылған активтер қаражатының 5,1 млрд теңгесін бөлген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2025
Алматы тұрғындары мемлекетке 2 млрд теңге қарыз
«Алматы жылу желілері» тұрғындардың жылу энергиясы үшін төлемеген миллиардтаған қарызды сот арқылы өндіріп алмақ. Осы істің барысында мүлік пен банк шоттарына, шетелге шығуға тыйым салынатын болды. Сонымен қатар қарызды толық төлемей оларға ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Шілде, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Шілде, 2025
Абай ауданында жаңа модульдік ветеринарлық пункт ашылды
Абай ауданы Көксу ауылында пайдалануға берілген пункт біріздендірілген блок-модульдерден жасалған, үй және ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалауға, дерттердің алдын алуға, вакцинациялауға, емдеуге және жоспарлы тексеруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Шілде, 2025
Техастағы су тасқыны салдарынан 100-ден астам адам қаза тапты
Орталық Техаста болған жойқын су тасқыны салдарынан кемінде 119 адам қаза тауып, 161-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Шілде, 2025
Министрлік суды үнемдеудің тиімді тәсілдерін ұсынды
Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 адамдық бір отбасы жылына 35 мың литр суды үнемдеуге үндейтін нұсқаулық әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Шілде, 2025
Мемлекет басшысы су саласы мамандарын мемлекеттік наградамен марапаттады
Салтанатты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Шілде, 2025
Президент су шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.