Ар
Заң мен Тәртіп • 07 Сәуір, 2026
Павлодарда экологиялық талаптарды бұзған 8 әкім жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысы Аққулы ауданының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың жиырмадан астам полигоны анықталды. Қоқыс төгілген орындар экологиялық-санитариялық талаптарға сай болмаған әрі нормативтік-техникалық құжаты болмаған, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 07 Сәуір, 2026
Ұлттық банк әлемдік футбол додасына арналған коллекциялық монеталар шығарады
Ұлттық банк «Спорт» сериясы аясында FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Бұл монеталар әлемдік футбол додасына арналған арнайы нумизматикалық өнім ретінде ұсынылмақ. Монеталардың нақты сатылымға шығу уақыты туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
«Наурыз» бағдарламасы бойынша 16 мың салымшы іріктеуден өтті
«Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды. «Отбасы банктің» мәліметінше, 26 822 өтініштің ішінен 16 000 салымшы іріктеліп, бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Қарағанды облысының полициясы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті
Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолдағы тәртіпті сақтау бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізіліп жатыр. Полиция қызметінің негізгі ұстанымы – жазалау емес, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың жауапкершілігін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Сәуір, 2026
Жаңа рекорд: «Артемида-2» экипажы Жерден ең алыс ұшқан топ атанды
«Артемида-2» миссиясы экипажы Айдың арғы бетімен ұшып өтіп, Жерден ең алыс қашықтыққа жету бойынша жаңа рекорд орнатты. Ғарышкерлер Айдың беткі қабатын жақыннан бақылады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 07 Сәуір, 2026
Премьер-министр Алматы ЖЭО-ларына қатысты объективті ақпарат беруді тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысын талқылап, жұмыстың қарқыны төмендемеу керектігін қатаң ескертті. Сонымен қатар, жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 07 Сәуір, 2026
Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты
Панаманың Ла-Бока ауданында орналасқан мұнай қоймасы маңында жанармай танкерінде күшті жарылыс пен өрт болды. Оқиға жақын маңдағы Panama Oil Terminals S.A. компаниясының нысандары жанында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Әлеуметтік желілер ақпарат таратудың негізгі алаңына айналған бүгінгі заманда жеделдікпен қатар жауапкершілік те арта түсті. Бас прокуратура азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратудан сақ болуға шақырып, «цифрлық қауесеттердің» қоғамға төндіретін қатеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 07 Сәуір, 2026
Құқықтық сауаттылық: Бектенов халыққа арналған кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеуді тапсырды
Елде Конституция нормаларын кеңінен түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға тиісті іс-шаралар жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды
Алматы қалалық Полиция департаменті Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына қатысты күдікке ілінген Zeekr автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Сәуір, 2026
Астана, Алматы қалалары бойынша ақша айырбастау орындарында доллар, еуро, рубль, юань бағамы ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Сәуір, 2026
АҚШ пен Иран арасындағы соғыс салдары: Сауд Арабиясының мұнай экспорты 50%-ға төмендеді
Сауд Арабиясының экономикасы АҚШ пен Иран арасындағы әскери шиеленістің әсерінен айтарлықтай қысымға түсті. Сарапшылардың бағалауынша, елдің шығыны 10 млрд доллардан асты. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Сәуір, 2026
Ақсу қаласында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті
Павлодар облысы Ақсу қаласында газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті. Олардың бірі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Қайғылы оқиға жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде болған, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 06 Сәуір, 2026
Астананың қай бөлігінде жаңа саябақ пен гүлзарлар ашылады?
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында елордада ашылатын саябақ пен гүлзарлар туралы ақпарат жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президентке агенттік қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 06 Сәуір, 2026
«Артемида-2» миссиясы: Ғарышкерлер Айға жақындап қалды
«Артемида-2» миссиясына қатысушы астронавттар Жерден алыстап, Айға бұрынғыдан да жақындай түсті. Қазіргі уақытта Orion ғарыш кемесі Айдың гравитациялық әсер аймағына еніп, енді оны Жерге қарағанда Ай күштірек тарта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Сәуір, 2026
Елордалық тұрғын 20 млн теңгесінен айырылды: Алаяқтар байланыс операторының атын жамылған
Астана қаласының «Сарайшық» ауданында аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 06 Сәуір, 2026
I тоқсан қорытындысы: Спортшылар ел қоржынына 200 медаль салды
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Жалпы 200 медаль (79 алтын, 57 күміс және 64 қола) олжалаған ұлттық құрама ел абыройын асқақтатты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Сәуір, 2026
6 жылға сотталған Жақсылық Омар мерзімінен бұрын босап шыға ала ма? Прокуратура түсініктеме берді
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты шыққан сот үкіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Сәуір, 2026
«Алтын доп» – 2026 жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингі жарияланды
The Athletic басылымы 2026 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімде бірқатар күтпеген өзгерістер орын алды – Лионель Месси үздік ондыққа ілікпеді, ал Ламин Ямаль үштікке енді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 06 Сәуір, 2026
Алматы облысында әлемдік деңгейдегі кинопавильон салынып жатыр
Алматы облысының Қаскелең қаласында әлемдік деңгейдегі «Dala Stage» кинопавильонының құрылысы басталды. Бұл жоба өңірдің ғана емес, тұтас елдің креативті индустриясын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Сәуір, 2026
Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды
Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы қолға алынды. Жаңа автожол қала ішіндегі көлік жүктемесін азайтып, Өзбекстан бағытына өтетін транзиттік қозғалысты айтарлықтай жеделдетпек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 06 Сәуір, 2026
Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
Үкімет 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясын кеңінен түсіндіруге арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжаттың мақсаты – Негізгі заң нормаларын халыққа түсінікті түрде жеткізу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және конституциялық ережелердің толық орындалуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 06 Сәуір, 2026
Алматыда жұрттың мазасын алған шетел азаматтары елден шығарылды
Сот шешімімен шетел азаматтары ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылып, оларға қайта кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Сәуір, 2026
Қарағанды облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылды
Қарағанды облысында вахталық жұмысшыларды тасымалдаған автобус жол апатына ұшырап, аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 06 Сәуір, 2026
Оңтүстік өңірлерде 65 мың гектар жерді суаратын каналдар цифрландырылады
Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде оңтүстік өңірлерде ауқымды цифрландыру жұмыстары қолға алынды. Жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық каналды автоматтандыру басталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Сәуір, 2026
Абай облысындағы сарбаз өлімі: Дәрігер жазадан босатылды
Абай облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың менингиттен көз жұмуына байланысты қозғалған іс бойынша сот үкімі шықты. Аягөз әскери госпиталінің дәрігері 2 жылға бас бостандығынан айырылғанымен, сот залында амнистияға ілігіп, жазадан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Сәуір, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
6 сәуірде еліміздің ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2026
Курчатов ғылым қалашығына айналады: Даму жоспары әзірленді
Абай облысында Курчатов қаласын ғылым қалашығына айналдыру мәселесі талқыланды. Ғылым мен инновацияны дамыту 2026-2030 жылдарға арналған өңірлік жоспарға енгізілген. Бұл бағытта арнайы кеңес жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.