қазақ
Қазақстан • 03 Қазан, 2025
Қазақстан делегациясы халықаралық III Жастар форумына қатысты
1-3 қазан күндері Минскіде (Белорусь) өткен III Жастар форумына ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен (ЕАЭО) келген белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері жиналды. Қазақстан атынан студенттік жастар қозғалысының көшбасшылары сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжанға барады
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 03 Қазан, 2025
Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды
Елде тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Биыл «Гриппол плюс» вакцинасының екі миллионнан астам дозасы сатып алынды. Бұл шамамен халықтың 11 пайызын қорғауға жеткілікті. Ең алдымен екпе балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне және әскерилерге салынып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz 24kz телеарнасына сілтеме жасап.
Президент • 02 Қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға келгені үшін Тамаш Шуйокқа алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Қазан, 2025
Елімізде +25 градусқа дейін күн жылиды
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 2-4 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Қазан, 2025
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен 80 ұстаз марапатталған
Педагогтерге деген жоғары құрмет олардың еңбегін мойындаудың нақты қадамы, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 01 Қазан, 2025
Қазақстандықтар алғашқы АЭС-ке қандай атау ұсынды
Қазақстандықтар елдегі алғашқы атом электр станциясына 20 мыңнан астам атау ұсынып үлгерді. Ұсыныстар қатарында «Балқаш», «Үлкен» секілді географиялық атаулар да, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің есімдері де, сондай-ақ энергетикаға қатысты терминдер де бар. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қазан, 2025
Бүгін – Халықаралық қарттар күні
Жыл сайын 1 қазанда Қазақстанда және әлем елдерінде Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл күн аға буынға құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін дәріптеуге арналған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Қ.Тоқаев Италия Президентін елорда әуежайынан шығарып салды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелланы елорда әуежайынан шығарып салды, деп жазады Egemen.kz
«Таза Қазақстан» • 30 Қыркүйек, 2025
«AMANAT» партиясы Алматыдан Қызылордаға дейінгі road-эстафета бастады
Алматы облысы Тарғап ауылы тұсындағы кемпинг-алаңда ауқымды экологиялық бастама – «Taza Qazaqstan» road-эстафетасының ашылу салтанаты өтті. Бір аптаға жалғасатын ауқымды іс-шара барысында қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсереді. Жобаға «Жастар Рухы» жастар қанатының мыңдаған белсендісі мен жергілікті тұрғындар атсалысады. Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат пен тарихи мұраға құрметпен қарау және азаматтардың қоршаған орта алдындағы жауапкершілігін арттыру, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 29 Қыркүйек, 2025
«Voice Beyond Horizon»: Димаш Құдайберген продюсерлік еткен жобасын таныстырды
Бүгін Астанада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген продюсерлік дебюті «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасын таныстырды. Еліміздің тарихи мекендері мен көз тартарлық табиғат құшағында түсірілген жоба Қытай Халық Республикасының Hunan Broadcasting System-мен бірлесе қолға алынған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Италия Президенттері БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Президенті Серджо Маттарелла БАҚ өкілдеріне арналған бірлескен мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Италия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Италия арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық берік саяси диалогқа, қарқынды экономикалық серіктестікке және тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарға арқа сүйейтінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Серджо Маттарелла келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың Қазақстанға сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға тың серпін беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Қыркүйек, 2025
Джиу-джитсу философиясын меңгерген қазақ маманы
Кезінде джиу-джитсудан өткен талай дүбірлі додада жүлде алып, бұл күндері көптеген аса ірі халықаралық жарыстарда қазылық етіп жүрген Дамир Садыров жайында біз не білеміз?
Бизнес • 26 Қыркүйек, 2025
Қазақ тілінде топ-менеджерлер дайындайтын бағдарлама ашылды
Қазіргі таңда еліміз экономикасына кедергі болып отырған басты мәселенің бірі – кәсіби менеджерлердің жетіспеушілігі. Салдарынан басқарушылық шешімдердің сапасы төмендеп, кәсіпорындар тиімділігінің азаю ықтималдығы басым. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, бұл еліміздің жалпы экономикалық ахуалына кері әсерін тигізеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қыркүйек, 2025
Президент: АЭС құрылысында барлық экологиялық норманы сақтау – басты талап
Президент Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде АЭС құрылысында барлық экологиялық норманы сақтау – басты талап екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 26 Қыркүйек, 2025
Түркістанда халықаралық қазақ-корей IT университеті ашылды
Түркістан қаласында «Woosong University Kazakhstan» университетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа жоғары оқу орнының ашылуы – Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы білім және ғылым саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық спортшыларға стипендия тағайындалды
Бір топ ел спортшыларына 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасына жүйелі дайындалуы үшін Халықаралық Олимпиада комитеті жекелей стипендия тағайындады, деп жазады Egemen.kz Ұлттық Олимпадалық комитетке сілтеме жасап.
Мәдениет • 25 Қыркүйек, 2025
Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыс беки түсті
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Француз Республикасының Мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Кездесу қазақстандық делегацияның Францияға жұмыс сапары аясында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 25 Қыркүйек, 2025
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан қазақстандық клубтар
Қазақстанның футбол клубтары 2002 жылдан бері UEFA мүшелігіне енген. Мұндай мүшелік футбол ұжымдарына Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдерінде бақ сынау үшін іріктеу турнирлеріне қатысуға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Қыркүйек, 2025
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бірақ айтарлықтай құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 24 Қыркүйек, 2025
Семей-Астана тасжолы тазаланды
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жас белсенділер қатысып, қала шетіндегі Семей-Астана тасжолы бойын қоқыстан тазартты.
Үкімет • 24 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Төрағасы Ласло Кёвермен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Мажарстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Марокко қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге келді
Бүгін Мәжіліс 2024 жылғы 12 желтоқсанда Рабат қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2025
Өңірлерде жылыту жұмыстары белгіленген мерзімге сәйкес басталады
Еліміздің барлық өңірінде жылыту маусымы жоспарға сәйкес іске қосылады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
2026 жылдан бастап кімдер ҚҚС -тан босатылады
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов 2026 жылдан бастап ҚҚС-тан кімдер босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Қыркүйек, 2025
Еліміздегі 3 мыңнан астам мектепке тексеру жүргізіледі
Биыл елімізде 3025 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестациядан өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумы өтті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық делегация Қазақ-қырғыз зиялыларының IX форумына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2025
Қазақстан Азиядағы ең бақытты үш елдің қатарына кірді
«World Happiness Report – 2025» дерегіне сәйкес, Қазақстан Азия елдері арасында үшінші орынға шығып, аймақтағы ең бақытты мемлекеттердің бірі ретінде танылды, деп хабарлайды Egemen.kz TEMPO.CO басылымына сілтеме жасап.