Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026

Қар, жаңбыр және көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы белгілі болды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қар, жаңбыр және көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде батыстан келген циклон әсерінен жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ боран соғып, көктайғақ қалыптасуы мүмкін. Түнгі уақытта Түркістан облысында қар аралас жаңбыр жауады. Ал күндіз еліміздің шығыс өңірлерінде қатты қар жауады деп болжанды.

Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі ықтимал. Бұл автожолдардағы қозғалысты қиындатып, көлік қатынасының жұмысына әсер етуі мүмкін.

Ел тұрғындарына сақтық шараларын сақтап, алыс сапарларға шықпауға кеңес беріледі.