ми
Президент • 30 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрін қабылдады
Президент Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруимен кездесуінде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 29 Қыркүйек, 2025
Алматыда ІІМ Академиясының 300 курсанты Ант қабылдады
Алматы қаласындағы 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бірінші курс курсанттары Ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 27 Қыркүйек, 2025
Кеден нарығындағы даулы бастама: Ортақ шешімнің түйіні
Қаржы министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстандық кеден брокерлері қауымдастығы және бизнес өкілдерінің қатысуымен квазимемлекеттік кеден өкілін құру мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz..
Үкімет • 26 Қыркүйек, 2025
Үкімет арнайы салық режимдерін қолдану қағидаларын нақтылауда
Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің 718 және 723-баптарын орындау мақсатында екі Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 26 Қыркүйек, 2025
Жаңа Салық кодексі: қандай бизнес түрлері оңайлатылған режимді сақтайды?
ҚР Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерін реттейтін құжаттарды талқылауға шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қыркүйек, 2025
Халықаралық серіктестік пен Certiport сертификаты: қазақстандық студенттер жаһандық нарыққа шықты
Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде интернационализация үдерісі қарқын ала бастады. Биыл еліміздің колледждеріне 7 шетелдік оқу орны интеграцияланып, стратегиялық әріптестік орнатылды. Серіктес мемлекеттердің қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Франция, Түркия, Жапония, Ұлыбритания және Грузия бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда колледждер цифрландыру дәуіріне қадам басты
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ауқымды цифрлық жоба іске асып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект министрлігінің жаңа логотипі таныстырылды
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі өзінің логотипін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның астық нарығы: жаңа мүмкіндіктер, ескі мәселелер
2025 жылы Қазақстан бидай мен ұн экспортын 34%-ға арттырды. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш болып, еліміздің өңірлік және жаңа сыртқы нарықтардағы ұстанымдарын нығайтуды қамтамасыз етті. Алайда, оң динамикаға қарамастан, елдің агроөнеркәсіптік саласы жүйелі проблемаларға тап болып отыр.
Мәдениет • 24 Қыркүйек, 2025
Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға табыс етті
24 қыркүйекте Париж қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
Сержанттардың Бүкілармиялық XV байқауы өз мәресіне жетті
ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің «Амандық» оқу орталығының базасында сержанттардың Бүкілармиялық XV сайысы аяқталды. Додаға түрлі әскери бөлімдер мен өңірлік қолбасшылықтардан іріктеуден өткен тоқсанға жуық сержант қатысып, кәсіби және спорттық шеберліктерін сынға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан ұрпақтары жастармен жүздесті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының ұйымдастыруымен «Күш лекциясы» өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Қыркүйек, 2025
Зеленский Қазақстанда Путинмен кездесуге дайын екенін айтты
Украина Президенті Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында, Батыс елдерінің көшбасшылары, соның ішінде Франция Президенті Эммануэль Макрон мен Түркия басшылығы Кремльге Қазақстанды қоса алғанда бірқатар елдерде Украина мен Ресей президенттерінің екіжақты кездесуін өткізуді ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Қыркүйек, 2025
Еліміздегі 3 мыңнан астам мектепке тексеру жүргізіледі
Биыл елімізде 3025 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестациядан өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қыркүйек, 2025
Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық салаларда 5,2 млрд долларлық 11 құжатқа қол қойды
Мемлекет басшысының Америка Құрама Штаттарына сапары аясында қазақстандық компаниялар әлемнің ірі корпорацияларымен құны 5,2 миллиард доллар болатын 11 құжатқа қол қойды. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.
Білім • 22 Қыркүйек, 2025
Қорғаншылық органдары қызметкерлерінің саны артты
Отбасыларға көрсетілетін көмектің ауқымын кеңейтуге, қолжетімділікті арттыруға және сүйемелдеудің сапасын жақсарту мақсатында қорғаншылық органдары мамандарының саны 303-тен 1006-ға дейін артқан, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 18 Қыркүйек, 2025
Президент футбол клубтарын жекешелендіруді жеделдету қажеттігін айтты
Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Қазақстандық диджей Иманбек тағы да «Грэмми» сыйлығына үміткер
Қазақстандық танымал диджей әрі продюсер Иманбек Зейкенов (Imanbek) аргентиналық әнші Taichu-мен бірігіп жазған «Ella Quiere Techno» атты композициясы үшін Latin Grammy 2025 сыйлығының «Best Latin Electronic Music Performance» санатында номинацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2025
Борышкерлерді анықтайтын жүйе іске қосылды
Борышкерлерді анықтайтын «Цифрлық бақылау» жүйесінің мүмкіндіктері кеңейтілді. Оны Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және Бас Прокуратура бірлесіп жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 18 Қыркүйек, 2025
Шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескендер ұсталды
Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 17 Қыркүйек, 2025
Ұлттық мұраны зерттеудегі ғылыми ізденістерге арналған семинар өтті
Ғылым ордасында «Палеонтология, зоологиялық, археологиялық, археографиялық қор жинақтарын пәнаралық-кешенді зерттеу және жаңа материалдармен толықтыру, атрибуциялау, каталогтау: «Ғылым ордасы» музейлері негізінде» ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2025
Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды
Хорватиятың Загреб қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлемдік доданың бүгінгі жарыс күнінде боз кілемге әйелдер шықты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Президент БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиносты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 17 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы елдегі экономикалық өзгерістер туралы айтты
Бүгін Астанада VIII Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі өтіп жатыр. Съезде Мемлекет басшысы инновацияны, соның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге тоқталып, ұлттық экономиканы жаппай цифрландыру идеясы биылғы Жолдауының арқауы болғанына назар аударды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Қарағандыда футбол академиясының құрылысы басталды
Қарағанды облысында заманауи футбол академиясының құрылысы ресми түрде басталды. Жаңа спорт нысаны балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға серпін береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Қыркүйек, 2025
Ерлан Қошанов Қатарда өткен кезектен тыс Араб-Ислам саммитінде сөз сөйледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қатар астанасы Дохада өткен төтенше Араб-Ислам саммитіне қатысты. Алқалы жиында Палата төрағасы сөз сөйлеп, халықаралық қақтығыстарды реттеу бойынша мемлекетіміздің ұстанымдарын ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Қыркүйек, 2025
Әйелдер ерлерге қарағанда қатерлі ісікке жиі шалдығады
Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан 236 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда тұрады. Ең өкініштісі, жыл сайын 41 мыңнан астам науқасқа онкологиялық ауру диагнозы қойылып, аурудың осы түріне шалдыққан науқас саны 5-6%-ға көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 15 Қыркүйек, 2025
Павлодарда химиялық тәжірибе салдарынан жеті бала зардап шекті
Павлодарда №37 мектептің жетінші сынып оқушылары жасаған тәжірибе апатқа ұласты. Құтқару қызметінің дерегінше, мектепке өрт сөндірушілер, құтқарушылар және ТЖМ-нің катастрофа медицинасы орталығының бригадасы жеткен, деп жазады Egemen.kz.