Оқиға • Бүгін, 17:00

Қазақстандық диджей Иманбек тағы да «Грэмми» сыйлығына үміткер

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық танымал диджей әрі продюсер Иманбек Зейкенов (Imanbek) аргентиналық әнші Taichu-мен бірігіп жазған «Ella Quiere Techno» атты композициясы үшін Latin Grammy 2025 сыйлығының «Best Latin Electronic Music Performance» санатында номинацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық диджей Иманбек  тағы да «Грэмми» сыйлығына үміткер

Фото: Ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетейік, Иманбек 2021 жылы Saint Jhn-ның «Roses» трегіне жасаған ремиксі арқылы Қазақстан тарихындағы алғашқы Grammy жүлдегері атанған еді.

Latin Grammy марапаттау рәсімі биыл 13 қараша күні Лас-Вегаста өтеді. Жеңімпаздар финалдық дауыс беруден кейін белгілі болады.