у
Үкімет • 18 Шілде, 2025
Салаларды цифрлық трансформациялау қарқыны талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған суперкомпьютер негізінде жасанды интеллект экожүйесін дамыту бағыттары қаралған. QazTech платформасы базасында салалар мен мемлекеттік органдардың жұмысын одан әрі цифрлық трансформациялауға назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Шілде, 2025
Жүргізуші куәлігін алу цифрланды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізуші куәлігін алу мен ауыстыру рәсімін едәуір жеңілдететін қанатқақты жобаны іске қосты. Енді алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін өтінішті онлайн түрде, тікелей «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Ал бұрынғы куәлікті ауыстыру рәсімі толығымен цифрлық форматқа көшіріліп отыр – бұл қызметтер eGov электронды үкімет порталы мен EgovMobile қосымшасы арқылы қолжетімді, деп жазады Egemen.kz.
Баға • 18 Шілде, 2025
Маусым айында электр қуаты азайып, су тұтыну артқан
Елімізде маусым айында электр энергиясын тұтыну көлемі күрт төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы маусымда Қазақстанда электрмен жабдықтау деңгейі мамырмен салыстырғанда 6,6 пайызға кеміп, 9,2 млрд киловатт/сағатты құрады. Бұл – бір айдың ішіндегі айтарлықтай өзгеріс саналады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Шілде, 2025
Ұлытауда металлургтер мерекесі атап өтілді
Ұлытау облысында Металлургтердің кәсіби мерекесі атап өтілді. Алдымен академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.Мерекеде Ұлытау өңірінің тау-кен, металлургия салаларында ұзақ жыл еңбек етіп, сала дамуына үлес қосқан азаматтар түрлі марапаттарға ие болды. Олардың қатарында байытушылар, инженерлер, өндіріс шеберлері, сондай-ақ осы салаға еңбегі сіңген ардагерлер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 18 Шілде, 2025
Қазақстан-Қытай шекарасында жолаушылар ағыны айтарлықтай артқан
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының аттас уезінде орналасқан «Цзимунай» өткізу бекеті арқылы осы жылы Қытай-Қазақстан қатынаған жолаушылар ағыны 49 мыңнан асқан. Мұндай мәліметті Қытай тарапының шекара қызметі хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Шілде, 2025
Ақтауда 5 жасар қыз бассейнге құлап, жансақтау бөліміне түсті
Оқиға бірер күн бұрын демалыс базаларының бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Шілде, 2025
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болып, жаңбыр, бұршақ жауады, жел соғып, найзағай ойнайды деп болжап отыр, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2025
Қазақстандықтар қандай медициналық көмекті тегін ала алады?
Қазақстан тұрғындары медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында ала алады. Бұл тізімге нақты не кіретінін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 17 Шілде, 2025
Жылқымен сүйреген: Жетісуда күйеуі 32 жастағы әйелін қатыгездікпен өлтірген
Жетісу облысында ер адам әйелін қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Шілде, 2025
БҚО-да биыл 942 адам иттен зардап шеккен
Батыс Қазақстан облысында биылғы 6 ай ішінде 1333 адам жануардан жарақат алып, дәрігерге жүгінген екен. Соның ішінде 942 адам – иттен, 341 адам – мысықтан зардап шеккен. Бұл дерек бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз мәслихатында жария болды деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 17 Шілде, 2025
«Еңбек адамы – 2025» республикалық әдеби байқауы жарияланды
Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясы бірлесе отырып «Еңбек адамы – 2025» әдеби байқауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz7
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елордада осы сенбі-жексенбіде яғни 19-20 шілде күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 17 Шілде, 2025
Абай облысында арнайы есептегі 62 адам жүргізуші куәлігін алған
Үржар ауданының прокуратурасы психиатр-наркологтың диспансерлік есебінде тұрған 62 адамның жүргізуші куәлігін алғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Шілде, 2025
Жетісуда 100 мың гектардан астам егістік суарылған
Жетісу облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы жергілікті шаруалармен су беру бойынша 7 мың 404 келісімшарт жасасқан. Вегетация кезеңі басталғалы 100 мың гектардан астам егістік жер суарылып, 527,5 млн текше метр су алынған, сондай-ақ 17 мың гектар алқапта ылғалдандыру жұмысы жүргізілген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Шілде, 2025
АМӨЗ-де иіс шығаратын мұнайтұтқыш нысан жойылды
Атырау мұнай өңдеу зауыты табиғатты қорғау шаралары аясында қоршаған ортаға әсер ететін ашық көздің бірі – РЕКС мұнайтұтқыш нысанын жою жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2025
Туберкулез кезінде кох таяқшаларын 2 сағатта анықтауға болады
Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары деңгейінде туберкулезді диагностикалаудың заманауи жылдам молекулалық-генетикалық әдістері енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 17 Шілде, 2025
Елімізде суару маусымы қалай өтіп жатыр
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңнен өту және елдің оңтүстік өңірлерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 17 Шілде, 2025
Астанада тағы бір жол бөлігі жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірінің астындағы жергілікті жол бөлігінде орташа жөндеу жүргізеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 17 Шілде, 2025
Жетісуда бірінші сыныпқа 13 мыңға жуық бала қабылданады
Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін ата-аналардан балаларын бірінші сыныпқа қабылдау үшін 9717 өтініш түскен. Бұл — өңір бойынша жаңа оқу жылы қарсаңындағы үлкен белсенділікті байқатады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 17 Шілде, 2025
Түркия соты Стамбулдың бұрынғы мэрі Экрем Имамоғлуды бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айырды, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 17 Шілде, 2025
Балқаш көлінің деңгейі 32 см-ге көтерілді
Биылғы жылдың бірінші жартысында Балқаш көлінің деңгейі орта есеппен 32 см-ге көтерілді. Нақтырақ айтқанда, Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін. Жыл басталғаннан бүгінге дейін Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберілген. Былтыр осы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млрд текше метр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Шілде, 2025
Букмекерді бүк түсіретін бірыңғай жүйе
Қаржы технологиясы мен цифрлық инновацияларды дамыту жолында белгілі бір ережелер мен бақылау құралдарының болуы – уақыт талабы. Алайда мұндай реттеулердің астарында әділетсіздік пен монополия белгілері байқалса, қоғам тарапынан сын туындауы заңды. Соңғы уақытта букмекерлік кеңселердің қызметін бақылауға бағытталған «Бірыңғай есеп жүйесі» (БЕЖ) туралы бастамаға қатысты сала сарапшылары мен кәсіби қауымдастықтар ашық алаңда алаңдаушылықтарын білдіре бастады, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 17 Шілде, 2025
Ауылшаруашылығы техникаларының 90 пайызын отандық өндірушілер құрастырады
Ауылшаруашылығы машинасын құрастыру сала құрылымының шамамен 6% құрайды. Саладағы сан мен сапаны арттыру мәселесі 6 шілдеде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Шілде, 2025
Машина жасау саласы жарты жылда 11,1% өсім көрсетті
16 шілдеде вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында сектордың қарқынын одан әрі жеделдету және қосымша әлеуетін ашу мүмкіндіктері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 17 Шілде, 2025
Биыл 370 мыңға жуық адам жәрдемақымен қамтылған
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдер үшін 369,1 мың адамға 437,7 млрд теңге берілген, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 16 Шілде, 2025
Алматыда прокуратура әкім орынбасарларын жауапқа тартты
Алматыда 30-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Шілде, 2025
Қазгидромет: Алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері 46 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 16 Шілде, 2025
Шатқалдардан бастап қарлы шыңдарға дейін...
«Алатау аманаты» жобасы аясындағы ұлттық таулы туристік соқпақтар желісінде адамдар қозғалысы көбейе бастады. Өткен аптада Үлкен Іле соқпағының негізгі бөліктерімен алғашқы қатысушылар – қоғам қайраткерлері, журналистер, блогерлер мен білікті жол нұсқаушылар жүріп өтті. Олар инфрақұрылымды тексеріп, ұсыныстарын білдіріп, бұл бағыттың алдағы уақытта қазақстандық туризмнің ең атақты жеріне айналуы мүмкін екеніне көз жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 16 Шілде, 2025
Алматыда үй хайуанаттарына тегін ен салына бастады
Алматыда биылғы 15 шілдеден бастап, желтоқсан айына дейін ит, мысықтарды тегін чиптеу қолға алынды. Бұл шара үй жануарын есепке алу мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 16 Шілде, 2025
Атырау тұрғыны сарайда қарасора өсіріп келген
Атырауда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері 52 жастағы тұрғынның қарасора өсірумен айналысқанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.