
Жалпы, жаңа оқу жылында Жетісу облысындағы 315 жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына 13 мыңға жуық бүлдіршін қабылданады деп жоспарлануда. Құжат қабылдау биыл 1 сәуірде басталған болатын. Ең көп өтініш түскен өңір – облыс орталығы Талдықорған қаласы, мұндағы ата-аналардан 3429 өтініш келіп түскен. Жалпы, жаңа оқу жылында Жетісу облысындағы 315 жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбына 13 мыңға жуық бүлдіршін қабылданады деп жоспарлануда. Құжат қабылдау биыл 1 сәуірде басталған болатын. Ең көп өтініш түскен өңір – облыс орталығы Талдықорған қаласы, мұндағы ата-аналардан 3429 өтініш келіп түскен.
Қуанарлығы, бірінші сыныпқа берілген өтініштердің 77 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алуға бағытталған. Бұл – ата-аналардың ана тіліне деген қызығушылығы мен сенімінің артқанын көрсетеді.
Бірінші сыныпқа құжат тапсыру үдерісі egov.kz электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады. Құжаттарды онлайн форматта тапсыру – ата-аналар үшін айтарлықтай ыңғайлы мүмкіндік.
Бастауышта білім алу үшін төмендегі құжаттар қажет:
• Ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
• Бала денсаулығы туралы № 065/у үлгідегі профилактикалық екпелер картасы;
• № 052-2/у үлгідегі «Бала денсаулығының паспорты» медициналық анықтамасы;
• Балаға арналған 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосурет.
Естеріңізге сала кетейік, мектепке қабылдау 6 жастан бастап, баланың ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде жүргізіледі. Құжат қабылдау мерзімі 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.