Алматы • Кеше

Алматыда үй хайуанаттарына тегін ен салына бастады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда биылғы 15 шілдеден бастап, желтоқсан айына дейін ит, мысықтарды тегін чиптеу қолға алынды. Бұл шара үй жануарын есепке алу мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда үй хайуанаттарына тегін ен салына бастады

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы бағдарлама аясында шамамен 15 мыңдай үй хайуанатттарын тегін чиптеу жоспарланғанын жеткізді. Қызмет қаланың барлық тұрғынына қолжетімді.

Чиптеуді алдын ала WhatsApp арқылы жазылып, «Mastino», «Allvet», «Taugul Vet Boutique», «Айболит», «Dog Premium», «Dog Premium», «Vet Elite», «Banzai» сияқты ветеринарлық емханаларда жасатуға болады.

Сонымен қатар, ветеринар мамандар үй аралау барысында үй жануарларын да чиптейді. Үй аралау жөніндегі өтініштер WhatsApp арқылы қабылданбақ.

Бұл бағдарлама үй жануарларының санын реттеу, оларды күтіп-ұстауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру шараларының аясында жүзеге асырылып жатыр.